Өркениет

Байғабылов танымал әншілер қатысқан тойдың видеосына қатысты түсініктеме берді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Карантин кезінде тойда ән салған бірқатар әншіге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше әншінің тойда ән айтып, тілек айтқан видеосы тараған еді. Ол жерде әншілер қауымы тойдың сәуірге жақын уақытта өткізіліп жатқанын айтады.

 

 

Әншілер қатарында Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова және басқа да өнерпаздар бар.

 

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов видеоның қай уақытта түсірілгені зерттеліп жатқанын айтты.

 

"Видео зерттеліп жатыр, содан кейін материалға құқықтық баға беріледі. Егер ереже бұзушылық анықталса, осы кезеңде болғаны анықталса, қатысқан адамның барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Сәдуақас Байғабылов.

 

Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері карантин шараларын бұзушы 3 мыңнан астам адамға 200 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

 

Жыл басынан бері 13 500-ден астам нысан тексерілді, 1 573 ереже бұзушылық анықталды. Карантинді бұзғандарға қатысты 3018 хаттама толтырылды, айыппұлдың жалпы сомасы 202 миллион теңгеден асады.

 

Айта кетейік, мониторингтік топтардың құрамына жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді, олар басқа да заң бұзушылықтар үшін хаттамалар толтыруға құқылы.

 

Мониторинг топтары демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді.

 

Байғабыловтың айтуынша, карантин шараларын бұзу фактілері қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде жиі тіркеледі.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1092    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31