Өркениет

«Байыңа ерегіскен түрің бе бұл?»: Жорабаева жас күйеуімен сүйіскен сурет пен ВИДЕОсын жариялады

  • «Байыңа ерегіскен түрің бе бұл?»: Жорабаева жас күйеуімен сүйіскен сурет пен ВИДЕОсын жариялады

    «Байыңа ерегіскен түрің бе бұл?»: Жорабаева жас күйеуімен сүйіскен сурет пен ВИДЕОсын жариялады

«Байға тиген соң сүйісетініңді, жататыныңды бәрі біледі. Не үшін салдың мына суретіңді? Ужас қой мынауың, Алтынай-ау!».
Әнші Алтынай Жорабаева «қырыққа келгенде қылық шығарып», екінші күйеуімен табиғат аясында қол ұстасып, сүйіссіп жүрген видеосы мен суретін Instagram парақшасына жариялап әлек. Ал оқырмандарының дені оның дәл осы әрекетін ерсі көріп, сыни пікірлерін жаудыруда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сынға ұшырайтын сүйісті табиғи гүл шоқтарымен жасырыңқыраған әнші көпшіліктен өзіне бақыт тілеп қоюды сұрап отыр.

«Басқаға бақыт тілесең, Алладан 10 еселеп, 100 еселеп қайтады екен. Маған тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын, қымбатты оқырмандарым. Аллама сансыз мадақтар мен шүкірлер», - дейді ол.

Әрине, тұрақты оқырмандары төрт баланың анасы мен оның жас күйеуіне жақсы тілек тілеуден аянған жоқ. «Бақытты болуға лайықсыз» десті көбі. Алайда, олардан әлгі сурет пен видеоны ерсі көргендердің қатары басым.

«Бір емес, төрт қызғалдақ өсіріп отырсыз ғой...», «Байға тиген соң сүйісетініңді, жататыныңды бәрі біледі. Не үшін салдың мына суретіңді? Ужас қой мынауың, Алтынай-ау!», «Осы әнші бірінші күйеуі Сәбитті кезінде Айгүл Иманбаева екеуі «Біз – Сәбиттің көк туымыз» деп, бәйбіше мен тоқал болып концерт беріп, ел шарлап еді. «Ой, Сәбит керемет адам!» деп еді. Енді ажырасқаннан кейін ол жаман болып шықты. Онда ол жаман болса, неге 4 қыз туады? Енді екінші байымен сүйіссіп тұрған фотосын ұйялмай салып қойыпты. Нағыз көргенсіз қатын», «Не істесең де спальныйыңа барып істе! Байыңа ерегіскен түрің бе бұл?», «Мынауың точно қуып кеткен ғой. Бір кездері намаз оқыған сияқты еді» деп реніш білдіруде желі қолданушылар.

Одан бөлек, видеоны көруге ыңғайсызданған кейбір оқырман әншіге арықтау керектігін де ескертіп қойды. 




Көрілген: 1429    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 15:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31