Өркениет

«Бекболат Тілеуханның шетелге қару сатқаны рас па?»: депутаттың өзі ресми мәлімдеме жасады.

  • «Бекболат Тілеуханның шетелге қару сатқаны рас па?»: депутаттың өзі ресми мәлімдеме жасады.

    «Бекболат Тілеуханның шетелге қару сатқаны рас па?»: депутаттың өзі ресми мәлімдеме жасады.

Айтуынша бұл жала. Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрілігіне видео автоларының үстінен шағым түсірген.
Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде өзін «шетелге қару сатып жүр» деп айыптағандарға жауап берді. Оның айтуынша, үстінен жала жауып, ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп көрсетіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді» , - дейді депутат.

Осыған орай, Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне видео авторларының үстінен шағым түсірген. Ол ақпарат таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрап отыр.

«Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған секілді. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік қызметінен, басқа да құқық қорғау органдарынан өтінемін», - деді Бекболат Тілеухан арнайы түсірілген видеода.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның шетелге қару сатуға қатысы бар екені айтылған видео тарады.

Ол видеода қолға түскен азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды.

«Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды», - дейді ол.
Сондай-ақ, осы іске депутат Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.
Ер адамның сөзіне қарасақ, видео астанада түсірілген. 




Көрілген: 2193    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30