Өркениет

Бекжан Тұрыс: Аузымнан иіс шығып, сахнаға шыққаным шындық

  • Бекжан Тұрыс: Аузымнан иіс шығып, сахнаға шыққаным шындық

    Бекжан Тұрыс: Аузымнан иіс шығып, сахнаға шыққаным шындық

Алайда солай екен деп қу арақтың соңынан кеткен жоқпын, дейді өзі.

Танымал актер Бекжан Тұрыс ішімдік ішкен күні, амалсыз сахнаға шыққан күндері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Актер Кеңес үкіметі кезеңінде ішімдік ішпеген адам ілуде біреу болғанын алға тартады. Алайда солай екен деп қу арақтың соңынан кеткен жоқпын, дейді өзі. Десе де, ішімдіктен ұрттап, сахнаға шыққан кезі болғанын жасырмай айтты.

"Қызыққа қызып алып деп айтпай-ақ қояйық, бүгін менің спектаклім жоқ, бірақ артынан құрамдағы адам болмай, ауысу керек болған кезде, аузымнан иіс шығып барғаным шындық", - дейді Бекжан Тұрыс.

Актер сұхбат кезінде анасын еске алды. Жарық дүние сыйлаған жанға тірі кезінде жақсылық жасай алмадым, деп өкінді.

"Мақтанышым – анам. Өзі ешкімге ұқсамайтын, момын, көбірек ақыл айтатын, ақылдың өзін жай ғана жеткізетін.

Әттеген-ай, анам өмірден өтіп кетті. Анамның үмітін ақтадым ба, оны өзінен сұрау керек еді. Бірақ анамның жақсы істерін ақтай алдым деп айта алмаймын. Еркелеу болдым, мені көп еркелетті. Адамда тал бесік, ел бесік деген бар. Ел бесікте де еліме еркелеп жүрмін. Көп еркелеп қойған шығармын. Тіршілікте жүргенде көп нәрсенің қадіріне жете бермейміз ғой. Оның бәрі бекершілік екен. Оның бәріне төреші - уақыт. Анама не істей алдым? Шіркін-ай, еркелегеннен гөрі, анама көбірек жақсылық жасауым керек еді. Бұл - жалғыз менің емес, анасынан айырылған барлық жанның өкініші" - дейді Бекжан Тұрыс.




Көрілген: 1156    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30