Өркениет

"Белбеумен байлап тастады": Қазақ әншісі басынан өткен оқиғаны айтып берді

  • "Белбеумен байлап тастады": Қазақ әншісі басынан өткен оқиғаны айтып берді

Әнші Фариза Ескерместі таксист жүргізушісі зорламақ болған. Алайда ешқандай айғақ болмағандықтан, полицияға арызданбаған

"Джейран" тобының экс-мүшесі, әнші Фариза Ескермес Almaty.tv телеарнасындағы "Папарацци" бағдарламасында 10 жыл бұрын басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді.

Әншінің сөзінше, 18 жасында такси жүргізуші зорламақ болған. Алайда қаскөй сол күйі жауапқа тартылмаған көрінеді. Әнші бұл жағдайды айтуға ұялған.

"18 жасымда Алматыда келеңсіз жайтқа тап болдым. Қазақ жігітінің түрі әлі есімде. Такси жүргізушісі еді. Мен таксиге отырдым. Үйге бара жатқанмын. Ол мені қараңғы бұрышқа әкетіп бара жатты. Көліктің есігі ашылмайды. Ол терезесін бұрап ашатын ескі көлік еді. Митсубиси. Ер адам киімін шешіп тастапты. Ешқашан ер адамды тыржалаңаш көрген жоқпын, шошып кеттім", - дейді ол.

Фариза Ескерместің айтуынша, қаскүнем оны белбеумен байлап тастаған. Сол кезде көліктің терезесін ашып, көмек сұрап үлгеріпті.

"Дауысымды естіп, көмекке жүгіргендер болды. Такси жүргізуші бірден мені сыртқа теуіп жіберді де, қаша жөнелді. Көліктің нөмірін ешкім қарап үлгермеді. Ол жас жігіт еді. Өзі қазақтың жігіті. Түрі әлі есімде", – деп еске алды актриса.

Айтуынша, осы оқиғадан соң қатты шошынып, күйзеліске түскен. Алайда ешқандай айғақ болмағандықтан, полицияға арызданбаған.   

sputnik.kz




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31