Белгілі актер Ілияс Тұрманов коронавирустан көз жұмды

06 сәуір 2021, 12:09

Алматыда белгілі театр және кино актері Ілияс Тұрманов қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Наталья Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші актері Ілияс Тұрманов 55 жасында 4 сәуірде қайтыс болды. Ол көптен бері науқастанып жатыпты. Әріптестері оның коронавирустың салдарынан қайтыс болғанын жеткізді.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова актердің отбасы мен театр труппасына көңіл айтты.