Өркениет

Белгілі журналист Жанар Хамитованың күйеуі жайлы айтты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал журналист Аяна Ғабдуллина марқұм болып кеткен Жанар Хамитованың бұрынғы күйеуі түрік екенін мәлімдеді. БАҚ өкілі бұрынғы ерлі-зайыптылардың Түркиядағы өмірі мен әншінің экс-жұбайы жайлы бар шындықты ашты деп жазады "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Жанардың бұрынғы күйеуі қазақ екенін көпшілікке жария еткеніне қарамастан, белгілі журналист әншінің жолдасы түрік болғанын айтуда.


"Түрік азаматы ғой. Түрік елінің азаматы болды. Ол жақта ұлдарға аса ерекше көңілмен қарайды. Олар шешесіне бермейді, алып қалады. Түрік азаматы болғаннан кейін балалары да түрік азаматы болды. Сондықтан берілмеді. Түркияның азаматы, түрік күйеуі. Қазақстанда тұрған, бірақ азаматтығы Түркияда.

Араларында не болғанын білмеймін. Бірақ, жолдасы бұрын кәсіпкер болған. Кейін басқа жолға түсіп кеткен екен. Қандай жолға екенін айта алмаймын. Нақты дәлелім болмаған соң, айту орынсыз. Сол жолға түскеннен кейін, бәлкім Жанар кетті-ау деймін. Бір пакетпен келгенін білеміз. Ол билетке ақша жинаған, ыдыс жуған" , -деді Аяна Ғабдуллина.


Журналист Жанар Хамитованың күйеуін қазақ деп қоймаған өзге әріптестерін қайта-қайта түзеп, шын мәнінде ол адамның түрік екенін айтты. Тілші Айдос Игіліков те әншінің бұрынғы жолдасы "Алматыда жүрген түрік" болғанын растады.


Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Жанар Хамитованың қайтыс болғаны белгілі болды. Марқұмның жақын досы Әбуқай бұған дейін әншінің өзіне жіберген соңғы хабарламалары туралы айтып берді.


 




Көрілген: 8166    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 13:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31