Өркениет

Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

  • Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

    Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

 Бауыржан Есебаев бірнеше хит әндердің авторы. Ән әуенін ғана емес, әнге сөз жазады. Алайда бүгінде сазгерге тапсырыс беретіндердің қарасы азайған. Оның өзіндік себептері бар. Ал әншілік жолға еңбекпен де, арзан жолмен де келетін әншілер көп дейді сазгер.

"Менің әйелім қызғаншақ емес. Желіде сондай жалған ақпарат тарады. Керісінше мен әйеліме "неге мені қызғанбайсың?" деп жүремін. Ол өте мейірімді, иманды әйел. Сондықтан иманды әйел себепсіз қызғанышқа бармайды. БАҚ-та мынадай ақпарат тарап, мені қарабет етіп көрсетті. Мен жұлдыздарға, болашақ әншілерге танылудың, жұлдыз болудың жолын үйрету мақсатында шеберлік сыныбын өткіздім. Оған өзім журналист інілерімді шақырдым. Сол дәрісте "ақшасыз танылуға бола ма?" деген сауал қойылды. Мен ақшасыз қалай танылуға болатынын талдап айтып бердім. Ән сөзі мен әнін жазып, мамандарға жаздырып, желі арқылы жарнамалап, шығуға болатынын айттым. Бірақ бұдан да оңай әрі тез жолы бар.

Бұл бұрын да болған, қазір де бар. Тек көпшілігі мойындамайды. Мәселен, әннің өтемін төсек арқылы өтеу. Төсек қатынасын ұсына отырып, ән жаздыру. Немесе ән жазып бере алатын қалталы азаматтарға сатылу деген сияқты. Маған да ән орнына төсек ұсынған қыздар бар. Олардың атын атамаймын. Мен дәл осындай арзан жолдан аулақ болуға шақырдым. Бұндай жолды таңдамай, керісінше ауыр болса да өзің еңбектен дегенді жеткіздім. Ал, телеарналар менің сөзімді монтаждап, төсек арқылу танылуға болады деп көрсеткен. Мені сондай арсыздыққа үйреткен адам секілді көрсетіпті", - деп күйінді композитор "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында.

Сазгердің айтуынша, өзінің қаламақысы 10 мың доллар. Оның ішінде ән жазудың барлық процесі бар. Мәтінін жазу, әнін жазу, оранжировкасын жазу, әншіге дайын етіп беру секілді жұмыстар атқарылады.

"Мен өзіме тапсырыс келмесін деп бағаны осылай көтеріп қойдым. Себебі ән жазу жауапкершілік. Оны кім орындайды, қалай орындайды, бәріне жауапкершілік артады. Маған тапсырыс аз болсын деп қаламақыны көтеріп қойдым. Сондықтан да маған ешкім 10 мың долларға ән жаздырған емес. Себебі 50 мың теңгеге, 100 мың теңгеге басқаларға ән жаздыра салады", - деді Есебаев.

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 08:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30