Өркениет

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев өмірден озды

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Отандық танымал композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 74 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Кеңес Дүйсекеевтің қазасы туралы суыт хабарды ол Facebook желісінде жариялаған.

 

"Кеңес Дүйсекеев. Ұлы композитор еді. Алла алдынан жарылқасын" , - деп қысқаша жазба қалдырды Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Белгілі композитордың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

 

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.).

Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.).

1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

 

Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

 

1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы.

 

Дүйсекеев әндерін Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев секілді әншілер орындап жүр.

 




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30