Өркениет

Белгілі продюсер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Продюсер Алуа Қонарова Instagram парақшасында балалық шағына қатысты оқиғаны жариялады. Ол әкесінің анасына қалай қол көтергенін айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

 

"Төрт жасар кезім. Сол сәтсіз күн әлі есімде, ол күні мен әкем туралы бәрін түсіндім. Түнде айқайлаған дауыс естіп, қатты қорқып, жалаңаяқ үйдің дәлізіне жүгіріп шықтым. Ол кезде көргенім бүкіл өміріме із қалдырды. Анамның ұзын, әдемі, қалың шашы төгіліп еденде жатты", - деп жазды Қонарова.

 

 

Айтуынша, төрт жасында әкесі анасын қалай теуіп жатқанын көрген.

 

"Анамның ішінен, кеудесі мен арқасынан, бетінен теуіп жатқан адамның аяғы әлі күнге дейін есімде. Анамның аузынан қан ағып жатты", - деді продюсер.

 

Қонарова қорыққаннан булығып, болып жатқан жайттан ештеңе түсінбей айқайлағанын жазды.

 

Сонымен қатар продюсер әкесін кешіру үшін бірнеше жыл қажет болғанын, қазір ол туралы оңай айта алатынын жеткізді.

 

"Әкем мас болмаған кездері мені "бір жапырақ қызым" деп атайтын. Ол мені ерекше жақсы көрді. Алайда ол қасымда болса да, жанымнан табылған жоқ", - дейді Қонарова.

 

Естеліктерін жариялап жүрген Алуа Қонарова оқырмандарына балалық шағынан есінде қалған ең жарқын күндер туралы да жазуға уәде берді.

 




Көрілген: 3479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 13:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28