Өркениет

Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

  • Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

    Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

Алғаш "Шаншар" театрында өнер көрсетіп, кейін "Шымкент шоуы" арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков қызықты оқиғаларын баяндады. Өмірдегі жеңісі мен жеңілісі, күйзелісі мен қиындықтары туралы баяндады. Қыз үшін төбелескен кездерін еске алды.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

 
Берік Тұрсынбеков мектепте тәртіпті бала қатарында болды. Үйде де тәртіп бұзбайтын бала болып өсті. Мұны ұстаздары мен бауырлары растайды. Гуманитарлық пәндерді жақсы оқыған. Абайдың өлеңдерін жақсы білген. Домбыра тартып, мектептің іс-шараларына белсене қатысыпты. 

"Мен өте тәртіпті оқушы болдым. Менен үлкен Серік деген ағам болды. Ол өте сотқар еді. Ауылдың  бандиті десем де болады. Оны бұзықтығы үшін әкем үш күндеп үйден қуып жіберетін еді. Мен керісінше тәртіпті едім. Үйде інім мен қарындастарым бұзықтық жасаса, мен таяқ жейтінмін", - деп күледі актер. 

Берік Тұрсынбеков қыз үшін таласып, төбелескен кезін жасырмайды. 

"Бірде театрда жұмыс істеп жүргенімізде әнші қыз келді. Өзі әдемі еді. Жігіттердің бәрі жақсы көрді. Мен сөйлесіп жүрдім. Сөйтсем, ол бәрімен сөйлесіп жүр екен. Оның ешкімге сезімі жоқ. Адам болған соң араласып жүрген. Ал жігіттердің ойымыз басқа. Сөйтіп әнші жігіт бар еді. Сол екеуміз қызға таласып төбелестік. Бір-біріміздің көзімізді көгерттік. Өзіміз ішімдік ішіп алғанбыз. Кейін достасып кеттік", - дейді әзілкеш. 

Тұрсынбеков 33 жасында күйзеліске түсіп, қиындыққа тап болады. Оған не себеп болғанын өзі де білмейді.

"Берік ауыр күндерді бастан кешті. Отбасы да, әріптестері де білген жоқ. Өте қиналды. Оған не себеп болғанын сол күйі білмей кеттім. Ол туралы айтпайды. Мен қатты қорықтым. Тіпті шифонердің, үйдің есігін ашып қалсам, Берік асылып тұратын секілді болатын. Ол кезеңнен өттік. Қайтып келмесе екен деймін. Елдің сөзі, өсегі әсер еткен шығар деп ойлаймын", - деді әйелі Қарлығаш. 

Тұрсынбековтің айтуынша, күйзеліске түскен жылдары әйелі өзінің асылып тұрғанын 1-2 рет көріп қалған. Содан шошынып қалған дейді ол. 

"Мен бала күнімнен өз-өзіммен сөйлесіп жүретін адаммын. Ел мені жынды деп ойлайтын. Қазір ойласам, құдаймен сөйлеседі екенмін. Оны көріп тұрғандай сөйлесемін. Бір уақыттарда құдаймен байланысым үзіліп қалды. Сол кездері қиындыққа түстім. Арақтың да әсері бар. Шайтан азғырды. Өлсем құдай кешіреді деп ойладым. Бетпе-бет сөйлескім келді. Қазір ойласам, оның бәрі үшін ұяламын. Егер мен мектептегі алғашқы махаббатыма, не басқа қызға үйленсем, сол кезде жалғыз қалар ма едім. Бірақ Қарлығаш менің қасымда болды. Мені қолдады. Көмектесті. Әйтеуір со тығырықтан алып шықты", - дейді актер. 

stan.kz




Көрілген: 5642    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 15:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28