Өркениет

Берік Уәли әріптесі Бейсен Құранбек туралы естелігімен бөлісті

  • Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ

    Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы, белгілі журналист Берік Уәли 2000 жылдардың басынан бері телевизия саласында қатар жұмыс істеген әріптесі Бейсен Құранбек туралы естеліктермен бөлісті. Ол қазақ журналистикасы ғана емес, жалпы ұлт руханияты үлкен қайғыны бастан өткеріп отырғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Орны толмас қаза, өзекті өртер өкініш. Бейсен жылы жүзімен баршамыздың жүрегімізді жылытқан аяулы азамат еді. 2000 жылдардың басынан бері телевизия саласында қатар жұмыс істедік. 31 телеарнаның «Информбюросында», кейіннен «Хабар» телеарнасында бірге жұмыс жасадық, бір кабинетте отырдық. Бір-бірімізге тілеулес болдық.

Ол жақсылықтың жаршысындай жігіт еді. Көңілінде қияудай жамандығы жоқ ақкөйлек азамат болатын.

Алғашқы перзенті дүние есігін ашқандағы қуанышын көрдім. Кейін де талай дәмдес болдық. Бір-бірімізге жүргізген хабарларымыз жайында үнемі жылы пікір білдіріп, жанашыр боп жүретінбіз.

Бейсен жалпы қай қазақтың болмасын жақсылығына, жетістігіне қуанып отыратын. Жаны жаралы, өмірдің тоқпағын көрген жандарға қолынан келгенше көмектесуге асығып тұратын.

Төртінші мүшелінде, 49 жасында беймезгіл өмірден өтіп, келмес сапарға аттанып кетіпті.

Өкінішті, әрине. Бірақ Құдайдың ісіне шара бар ма?!

 

Дұға жасап, Жаратушыдан рақым тілегеннен басқа қолымыздан келер қайран жоқ. Бақұл бол, Бейсен!", - деп жазды Берік уәли өз парақшасында.

 




Көрілген: 1591    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30