Өркениет

Бес баладан кейінгі егіз ұлдарын перзентханадан әндетіп шығарып алған әке желіде хит болды (видео)

  • Фото: instagram.com/zhanuya_official

    Фото: instagram.com/zhanuya_official

Ақтаулық тұрғын Дүйсен Әлібек жұбайы мен егіз ұлдарын перзентханадан ерекше шығарып алды. Көпбалалы әкенің бес баласымен қосылып ән айтып, би билегені түсірілген видео желіде тарап кетті.

 

"Жүрегім менің &ndash молодой, әйелім менің &ndash золотой, балаларым бар &ndash дорогой" деп әндеткен әкенің қуанышына ортақтасып, тілек білдіріп жатқандар көп. Желіде хит болған әке KAZ.NUR.KZ-ке қуанышымен бөлісті.

 

"Келіншегімнің жүктілік кезеңі жеңіл болған жоқ. Перзентханадан шыққанда оны қуантқым келді. Жұмақтың есігін ашып беретін үш қызымды тәрбиелеп отырған жұбайым. Шүкір, ұрпағымды жалғайтын төрт ұлым бар. Әлеуметтік желіге де видеоны әдейі жүктедім. Қазір көпбалалы отбасыларды мұқтаж, үйсіз-күйсіз етіп қана көрсетеді. Көңілді көпбалалы отбасын қазақ еліне көрсеткім келді. Әр баланың өз несібесі бар. Ер адам еңбектенсе, отбасын асырай алады", &ndash дейді көпбалалы әке Дүйсен Әлібек.

 

 

37 жастағы Дүйсен Әлібек отбасымен белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көңілді тапқырлар алаңында өнер көрсетеді.

 

Қазір жеке кәсіппен айналысып жүрген отағасының өзі үш ағайынды.

 

Келіншегі пилатестен жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

 

"Жұбайымның есімі &ndash Жаннат Нарынова. Біз бір мектепте оқыдық. Оқу бітірген соң шаңырақ көтердік. Отасқанымызға 14 жыл. Үлкенім &ndash қыз бала. Одан кейін жұбайым егіз бір ұл, бір қыз сыйлады. Олардың артынан ерген ұлым мен қызым бар. Отбасымыз тағы да шекесі торсықтай егіз ұлдармен толықты. Негізі келіншегім 29 қараша күні босанды. 6 желтоқсан күні шығарып алдым. Видеоны қазақтың ырымымен 40 күннен кейін ғана салып тұрмыз", &ndash дейді көпбалалы әке. Бақытты жанұя жаңа туған егіз ұлдардың есімін Жанарыс, Бейбарыс деп қойған.

 

 

 

 

 




Көрілген: 5009    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31