Өркениет

"Беташарды мазақ етіп бітті": Асхат Садырбай тойшыл қауымға наразылығын білдірді (видео)

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай той-томалақтарда ұлттық салт-дәстүрлерді мазақ етіп жүргендерге шүйлігіп шықты. Ақпарат өкілі қазіргі қоғамның өзі қазақи құндылықтарды қорлап, таптап жатқанда атышулы Боратқа ренжу орынсыз екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

 Асхат Садырбай желіде бүгінгі күннің беташарлары қалай өтіп жатқанына куә болып, күйінгеннен Instagram парақшасында азулы жазба жариялады.

 

Белгілі журналист онда ұлттық салт-дәстүрді күлкіге айналдырған қоғамды аяусыз сынап, тойлардың берекесі кеткенін жазды.

 

Сонымен қатар, ақпарат өкілі өз салтын өзі құрметтей алмай жүрген адамдардың Боратқа ашуланып жатқанына қатты таңғалғанын жеткізді.

 

Оның сөзінше, беташар сынды дәстүрлерді мазақ еткендердің қылығы атышулы тұлғаның тірлігімен пара-пар.

 

"Беташар. Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты. Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше" , - деп жазды Асхат Садырбай.

 

 

 




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 13:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30