Бейбіт Қорған "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

23 мамыр 2022, 17:00

Бейбіт Қорған мемлекеттік наградаға ие болды. Әнші "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қорған Instagram парақшасында бөлісті.

"Ассалаумағалейкум, достар! Қалайсыздар? Алланың қалауымен, күтпеген жерден, үлкен тосын сый болды маған! Көп рахмет! Мұндайға жеткен де бар, жетпеген де бар! Аллаға шексіз шүкір! Халқым, елім, жерім аман болсын", - деді әнші.