Өркениет

Бейбіт Қорғанның әні Үндістандағы Tik Tok-та хит болды

  • Бейбіт Қорғанның әні Үндістандағы Tik Tok-та хит болды

    Бейбіт Қорғанның әні Үндістандағы Tik Tok-та хит болды

Бір кездері хит болған "Шоқ қыздар" әнінің шоқтығы тағы да жанып тұр. Танымал әнші Бейбіт Қорғанның хит әні енді Tik Tok-та топ жарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Араға жылдар салып қайта шыққан бұл ән қайырмасындағы "на на нэй" сөзі арқылы қазақстандықтарға жақсы таныс. Бір кездері талай тойдың хиті болған Бейбіт Қорғанның бұл әні енді Үнді елінде сұранысқа ие.

 "Шоқ қыздар" әніне алдымен Muhammed Roshan есімді желі қолданушысы видео түсіріп жариялады. Кадрдан мотоциклмен жасалған трюктерді көруге болады. Санаулы уақыт ішінде видео төрт мыңнан астам лүпіл жинап үлгерді. 

​Қазіргі уақытта Tik Tok-та дәл осы әнге 26 мыңнан астам видео жарияланыпты. Басым көпшілігін үндістер түсірген. Кейбіреулері әннің сөзін қайталуға тырысса, енді бірі ән ырғағына билеуге тырысады. 

Видеоны қазақстандықтар да жазып жатыр. Әншінің өзі Instagram-да тыңдаушылардың видеоларымен белсенді түрде бөлісіп отыр. 

stan.kz




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 00:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31