Өркениет

Бейбіт Қорғанның сахнамен қоштасқаны рас па

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Соңғы кездері көпшілік назарынан тыс қалып қойған отандық танымал әнші Бейбіт Қорған өзінің сахнадан түбегейлі кеткені жайлы қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі көптен бері ел алдына шықпай кетуінің себебін түсіндірді. Ол шоу-бизнес саласынан гөрі, отбасылық өміріне ерекше мән беретінін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Әнші өзге әріптестері секілді анағұрлым ақша көп табуға ұмтылып, сахнада көп жүре бергенді ұнатпайтынын жеткізді. Ол қолынан келгенше халықтың сенімін ақтауға тырысып жатқанын айтты.

 

"Ешкім өмірге жаралғанда әнші болып жаралмайды ғой. Жеке өміріміз бар, бала шағамыз бар. Олардың сабағы бар. Анау бар мынау бар. Біз де ел қатарлы «тірі адам тіршілігін жасайды» деп жүрген адамдардың біріміз. Бірақ ақша қуалап, жылтыңдай бергенді ұнатпаймын өз басым. Сондықтан дүние-мүлікті қуалайтын ойым жоқ. Жалпы қолымнан келгенше халықтың сенімін ақтауға тырысып жатқандығым бар" , - деді Бейбіт Қорған.

 

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Қорған шулы ән шығарып, халықты таңғалдырған болатын. Жақында ол аталмыш өлеңге бейнебаян таспалауды жоспарлап жатқанын хабарлады. 




Көрілген: 1540    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30