Өркениет

Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

  • Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

    Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

Бейбіт Сейдуалиеваның анасы осыдан 12 жыл бұрын бақилық болған. Әнші анасының жылын бергеннен кейін, бауырларымен бірігіп, әкесін екінші рет үйлендірген. Бүгінде әкесінің екінші некеден бір ұлы бар. Бұл туралы әнші Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үш қыз, бір ұл едік. Енді екі ұл болды", - деп қуанышын жеткізді Бейбіт.

Әншінің айтуынша, анасы дүниеден озғанда әкесі 54 жаста болған. 

"Бала-шаға жоқ емес, бірақ ер азаматқа өте қиын. Мен қасында отырып, шайын құйып бере алмаймын. Өз отбасым, бала-шағам бар. Бір күн келермін, екі күн келермін. Ол кісі менің қолыма келіп тұрмайды. Келін бар, ұл бар, шүкір. Бірақ қасында шүйіркелесіп, әңгімесін айтып отыратын адам керек. 80-90-ға келген кәрі кісі емес. Әлі өмірдің жартысына келген шағы.

Анамның жылын бергеннен кейін, балалары болып әкемізге "жар іздейміз" деп рұқсатын бердік. Ұсыныс тастадық, қабыл алды. Үйленді, кішкентайлы болды. Қазір екінші інім бар. 10 жастан асып қалды", - дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Өнер иесі әкесінің жұбайына құрметпен қарайтынын білдірді. 

"Жеңгеміз жақсы кісі, екеуі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Кішкентайлары бар, әкемнен аумайды", - деді өзі. 

Әншінің анасы жүрек талмасынан қайтыс болған. 

"Екі рет инфаркт алды, үшіншісін көтере алмады", - дейді Сейдуалиева. 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31