Өркениет

Бейбіт Сейдуалиева: Көзімше Тоқтардың ернінен сүйіп кеткен қыздар болды

  • Бейбіт Сейдуалиева: Көзімше Тоқтардың ернінен сүйіп кеткен қыздар болды

    Бейбіт Сейдуалиева: Көзімше Тоқтардың ернінен сүйіп кеткен қыздар болды

Бейбіт Сейдуалиева жары Тоқтармен 20 жасында танысқан. Екеуі қыз-жігіт болып 7 жыл жүргенімен, мұны ұзақ уақыт бойы халықтан жасырған. Сол аралықта Тоқтарға да, Бейбітке де сезімін білдірген қыз-жігіттер көп болыпты. Бұл туралы Сейдуалиева "Жұлдыздың жары" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ол мені бірінші көрді. Байқауға қатысуға шақырды. Екеуміз сонда танысып, сөйлестік. Мен ән айттым. Тоқтар "Сыған серенадасын" айтты. Ол әнді базарлардан көп естіп жүрдім. Оны басқа жігіт айтады деп ойлаппын. Өзім орыс сыныбында оқығандықтан, қазақтың әншілеріне көп мән бермейді екенмін. Атағы шығып келе жатқан әнші екенін сол кезде білдім", – деп ағынан жарылды Бейбіт. 

Серіков бір көргеннен ұнатқан арудың жүрегін жаулау үшін неше түрлі әрекетке барған көрінеді. Бірде елдің алдында жыр арнаса, келесіде "сені түсімде көрдім, екеуміз қол ұстасып жүріппіз" деп алдаған. 

 "Мені қарату үшін неше түрлі жалған әңгімелер айтты. Аузым ашылып, сеніп қалдым", – деді Бейбіт.

Жұлдызды жұп біраз уақытқа дейін қарым-қатынасын жұрттан жасырып келген. Сейдуалиева ата-анадан, туған-туыстан ұялғанын жеткізді. Екеуінің де басы бос деп ойласа керек, фанаттар Тоқтарға да, Бейбітке де хат жазып, маза бермеген көрінеді. 

"Тоқтарға келген хаттарды бірге оқитынбыз. Ол – өнер адамы ғой. Неге қызғанамын? Маған да хат жазып, тіпті Тоқтардың өзінен телефонымды сұраған жігіттер болды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Біз сол үшін жаралдық қой. Халыққа ұнау үшін, көзіне әдемі болып көріну үшін... Өнер не істетпеді? Бірақ әрі ешқайда кете қойған жоқпыз. Түзу жолмен жүрдік. Ешбір қауесетке, жаман атқа ілінген жоқпыз. 

Қыздар көп болды. Көзімше бетінен де, ернінен де сүйіп алған қыздар болды. Жағасын жұлып әкеткен қыздар да болды. Ол – өнер. Өнерде бәрі болады. Қызғана берсең, сыйластық та, ештеңе де қалмайды. Адам өзін меңгере білу, өзін ұстай білу керек", – деді Бейбіт.  

Stan.kz




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30