Өркениет

Бейсен Құранбек туралы кітап жарыққа шықты

  • Бейсен Құранбек туралы кітап жарыққа шықты

    Бейсен Құранбек туралы кітап жарыққа шықты

Өмірден мезгіліз өткен белгілі журналист, ел қадір тұтқан азамат Бейсен Құранбек туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы өзінің facebook.com парақшасында тележурналисттің досы Есболат Айдабосын жазды. 

Есболат Айдабосын, журналист:  

"Біздің Бейсен" баспаханадан шығып, Талдыға келе жатыр. Кітап «Ел-шежіре» баспасынан 1000 данамен шықты. Баспаның басшысы Дәулет Әшімхан жартысын тегін шығарып, үлкен азаматтық танытты. Жинаққа екі президенттің көңіл айтуынан бастап ел ағаларының естелігі, замандастарының толғаныстары,қарапайым көрермендердің ықыласы топтастырылды. Бейсекең кеткелі жазылған әрбір жазбаны алуға тырыстық. Барлығы 170 тей естелік пен 90 ға тарта арнау өлеңі бізге жеткен екен, алаламай, көркемдік қуатын сараламай түгел енгіздік. Секең, Досекең үшеуміз отырып "кітап құрастырамыз" деп шешім қабылдап, іске кіріскенде көп адам тілеулес болды, бір жағымыздан шығысып жәрдемдесті. Солардың бәріне Бейсен Құранбектің отбасы атынан, бауырлары атынан, дос-жаран, әріптестері атынан алғыс айтамыз! Әсіресе талдықорғандық Ришад Тұрғанбай бауырыма, сонау Семейдегі Арай Жүндібаева, Алматыдағы Ақжелең Рахаддин, астаналық Жансая Шыңғысхан қарындастарыма рахмет! Редакторлық, корректорлық сүзгіден өткізуге атсалысқан Зәуреш Карбозқызы мен Жұлдыз Әбділдәға, кітапты безендірген Жәмила Айдосқызына да мың алғыс! Аман болыңыздар! Құдай жолдарыңызды оңғарсын! Айтпақшы кітап мұқабасының дизайнын Бейсекеңнің қызы Іңкәр жасады.

 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31