Өркениет

Бибігүл Ақтан Сәкен Сейфуллиннің өлеңін оқыды

  • Бибігүл Ақтан Сәкен Сейфуллиннің өлеңін оқыды

    Бибігүл Ақтан Сәкен Сейфуллиннің өлеңін оқыды

Қазақстандық әртіс Бибігүл Ақтан "Бірге оқимыз" әдеби жобасына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің "Тауда" өлеңін оқыды. Сейфуллиннің бұл туындысында сүйіктісіне асыққан жігіт туралы айтылады. Бибігүлдің айтуынша, өлеңнің жан дүниесі ұнаған. "Өлеңнің сезімі мен әсерлілігі қатты ұнады. Автордың айтайын деген ойын толық жеткізе алдым деп ойлаймын. Қалай болғанда мен өзім осы өлеңді ішкі жан дүниеммен сезіндім", - деді ол.


Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Бибігүлдің айтуынша, оның отбасында кітап оқығанды жақсы көреді екен және бала кезінен кітап оқуға үйренген. "Әсіресе, бізде ұйықтар алдында оқығанды жақсы көреді. (...) Мен Гарри Поттерді оқып бастадым, өйткені біз құрдаспыз. Менің дәуірім осы кітаптармен қатар өсті. Кітапқа деген қызығушылығым осы туындыдан басталды", - деді актриса. Оның айтуынша, жазушылардың арасында орыс классиктері Булгаков, Достоевский және Толстойдың туындылары ұнайды екен. Сондай-ақ, ол фантастикалық шығармаларды оқып тұрады. "Өкінішке орай қазір адамдар кітапты аз оқиды. Қазақстандықтарға кітап оқып бастау үшін жеңіл әрі қысқа ғана шығармалардан бастауды ұсынамын. "Мысалы, "12 үстел" және "Алтын бұзау", бұл өте қызық романдар", - деді актриса.




Тengrinews.kz 


 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 23:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31