Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бiр күндiк жалақыларын «Абай қорына» аударды

06 маусым 2011, 16:35

Мәжiлiс депутаттары бiр күндiк жалақыларын «Абай қорына» аударатын болды. Бұл бастамаға төменгi палатаның кешегi жалпы отырысында депутат Сәт Тоқпақбаев ықпал еттi.
Негiзi, бұл iске мұрындық болған «Абай қорының» президентi, әрi Абайдың жиенi Балтабек Ерсәлiмов мырза көрiнедi. Генерал депутатқа хат жолдаған ол Абай шығармаларының 1899 жылы тұңғыш рет Санкт-Петербургте басылғанын айтыпты. Сол тарихи оқиғаға биыл жүз жыл толуына байланысты өздерi де осы игiлiктi iстi ары қарай жалғастырып әкетуге ниет етiп отыр екен. Бiрақ мынадай қысылтаяң жағдайда қаржы жағынан қысылған қор басқармасы депутат мырзалардың бiр күндiк жалақыларын жәрдем ретiнде сол шараға жұмсаса деген ойларын жеткiзiптi. «Абай – барлығымыздың рухани шамшырағымыз», – деген Сәт Бесiмбайұлы 1994 жылы өзi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн басқарып тұрған кезде ұжым қызметкерлерiнiң барлығы бiр ауыздан үн қосып, Абай атамыздың 150 жылдық тойына бiр күндiк жалақыларын байғазы ретiнде атағандарын айтты. Әрине, Абай десе алдияр демейтiн алаш баласы бар ма?! Мәжiлiс спикерi Орал Байғонысұлы депутаттардың бәрi бұл бастаманы қолдайтынын сол жерде-ақ жария еттi.