Өркениет

Блогер қалжыңдаймын деп желі қолданушыларының ашуына тиді

  • Блогер қалжыңдаймын деп желі қолданушыларының ашуына тиді

    Блогер қалжыңдаймын деп желі қолданушыларының ашуына тиді

Twitter қолданушыларының бірі видеоны өзінің парақшасында бөлісіп, пранкердің әрекетін күлкілі деп санамайтынын атап өтті

YouTube-блогер Кристен Хэнби ваннаға көпіршікті матаға арналған бояумен бірге құйып, өзінің сүйіктісі Джесминді мазақ етті. Алайда оның бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлады РИА Новости.

Ол видеоны Instagram-да жариялады.

Қыз ваннадағы суға шомыла бастайды, ал сүртінген кезде блогер оның айқайлағанын естиді. Осыдан кейін қыз ванна бөлмесінен сүлгі оранып шығады, оның аяқ-қолы толығымен көгеріп қалғаны белгілі болды.

Хэнби оны "әлемдегі ең зұлым смурф" деп атап, ішек-сілесі қатып күлген.

Twitter қолданушыларының бірі видеоны өзінің парақшасында бөлісіп, пранкердің әрекетін күлкілі деп санамайтынын атап өтті, бұл пікірді қолдаушылар көп болды.

"Бұл оны өлтіріп қоюы мүмкін еді. Мата бояуын жыныс мүшелеріне, көзге немесе ауызға тигізуге болмайды. Бұл өте қауіпті. Ол дәрігерге қаралуы керек, өйткені бұл оның денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін", - деп атап өтті пайдаланушылардың бірі.

Кейбір қолданушылар Хербидің бойында қызға деген қарапайым құрметтің болмауын айыптады.

"Қыз оған не істеген? Мұндай нәрселер әдетте кек алу үшін жасалады, мұндай әзілді ешкім жайдан-жай ұйымдастырмайды", - деп толықтырды.

Бірақ пранкерге араша түскендер де болды.

"Меніңше, бұл видеоны айыптап жатқан қыздар осы жағдай жігіттің басында болса, күлер еді", - дейді пікір білдірушілердің бірі.

 

 

sputniknews.kz




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 23:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30