"Бойдақтар шоуына қатыссам ба..." - Жұлдыз Әбдукәрімова

16 мамыр 2022, 19:54

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасына арнайы пост жариялап, өзінің басы бос екенін астарлап жеткізгісі келген сияқты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қазнетте Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқаны жайлы жиі жазылып жүр. Бұл жолы Әбдукәрімова ел арасында тараған қауесетті растай түскендей.

 

Жұлдыз Әбдукәрімованың Instagram-дағы кезекті жазбасы елді елең еткізді. Ол өзінің еркек кейпіндегі суретін салып, оқырмандары арасында арнайы сауалнама жүргізген. Аталған жазбаның астарында өзінің бойдақ екенін меңзегендей.

 

"Бойдақтар" шоуына қатыссам ба екен... Егер мен жігіт болсам, атым кім болар еді? — дейді Қайрат Нұртастың әйелі.

 

 

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

 

Жұлдыздың бұл жазбасы жұрттың ашуын тудырды. Бойдақтардың қатарын толықтырғысы келген Қайраттың келіншегіне бағытталған пікірлердің көбі жағымсыз.

 

"Сүйкімің кетті-ау сенің. Тым жақсы Қайраттың Жұлдызы болып жүре бермедің бе?", "Шектен шықпа, жақсы отбасының келіні екеніңді ұмытпа", "Сонымен, басыңыз бос па?", "Құрысын, қатыспа, керек емес", "Мынауың енді артықтау болды. Мақтаған қыз тойда нетедінің кері келіп тұр. Тіпті ұят", — деді оқырмандары.