Бойжеткен кім – Димаштың желідегі суреті қызу талқыланып жатыр

29 қазан 2020, 19:39

Әншінің тыңдармандары суретке қатысты үш мыңнан астам пікір қалдырды. Әрқайсысы өз болжамын айтуда. Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында бойжеткенмен түскен суретін жариялады. 

Фотода екеуі қол ұстасып тұр, бойжеткен маска таққан.

"Баршаңыз үшін күн сәтті өтсін. Сені қуантқым келеді, күте тұр", - деп жазды әнші.

https://www.instagram.com/p/CG4c8VlHAgY/?utm_source=ig_embed
Желі қолданушылары суретке қатысты үш мыңнан астам пікір қалдырды. Әрқайсысы өз болжамын айтуда.

"Бейтаныс қыз кім, қалыңдығы ма? Бізді қорқытпа, Димаш", - деп жазды әншінің жанкүйерлері.

Кейбірі олар жақын арада бейнебаян түсіріп, жаңа туындымен қуантатын дуэт деген пікір білдірді. 

Димаш Құдайберген 26 жаста, өзінің жеке өмірі туралы әлеуметтік желіде жазбайды және бойжеткендермен түскен суретін бөліспейді.