Өркениет

Бір әнмен танылған шымкенттік әнші 17 жасында анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

  • Бір әнмен танылған шымкенттік әнші 17 жасында анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

    Бір әнмен танылған шымкенттік әнші 17 жасында анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

Шымкенттік Садраддин Болат 17 жасында "Я люблю тебя, Алия" әнімен танымал болды. Карантин кезінде жұлдызға айналған Садраддин былтыр анасына үш бөлмелі пәтер сыйлаған. Бұл туралы ол Динара Сәтжанның "100 сұхбат" бағдарламасында айтты.

Садраддиннің ел арасында танылған әндері орыс тілінде жазылған. Алайда оңтүстікте өскен жігіт қазақша ойлайтынын айтады. Заман талабына қарай, орыс тілінде ән шырқап жүр.

 
Небәрі 18 жастағы Садраддин былтыр карантин кезінде танымал болды. Оның "Я люблю тебя, Алия" әні YouTube-та 5,5 миллионға жуық қаралым жинаған. Садраддин сұхбат барысында әннің қалай шыққанын айтып берді.

"Осы уақытқа дейін жазған әндерімді махаббатты ойлап жазған емеспін. 24 сағат музыкамен айналысатынмын. Телефонмен жазып бастадым. YouTube-тан қалай бит жазуға болатынын көріп үйрендім. Ол кезде қолымда дұрыс компьютер де болған жоқ. Түбінде студия ашатынымды білдім. Себебі біреу жазып бере салса, біртүрлі. 1-курстан бастап қызықтым. 
Телефонда Garage band деген қосымша бар. Сонымен жаздым. Бір күні үйде гитарамен әннің мотиві шыға бастады, бір күні сөзі шыға бастады. Оны жазып қоя бердім. Достарыма көрсетіп едім, олар: "Орысша жазып көр, "Әлия" деп атын қой" - деді. Достарымның үйінде қонып, "Доширак" жеп отырып жаздым. Себебі үйге барғым келмейтін. Үйге барсам, қайғырып қаламын. Ал студияда қызық. Бір айдың ішінде өте көп өлең жазып тастадық. Оның ішінде әлі шықпаған әндер де бар", - дейді Садраддин Болат. 
Өнер иесі ән мұншалықты таралып кетеді деп ойламаған.

"Таныстарым, студияда тыңдап қалған адамдар "хит болатын сияқты" деп айтатын. Мен өзімнің оқырмандарым тыңдайтын шығар деп ойлайтынмын. Шығардым, ертесіне топқа кірді. Өлең шыққан кезде карантин болды. Мен ол кезде Шымкентте қалып кеткенмін. Отырсам, жанымнан машина өтеді. "Я люблю тебя, Алия" деп жатыр. Тағы машина өтті. Жан-жақтан адамдар звондап, айтты. Мәскеуде де таралып кетіпті", - дейді Садраддин. 

"Моральдық шығынды өтеймін деп өмір бойы аш өтесің": Джуринская оқырманын сотқа бермек   


Сондай-ақ, Садраддин 17 жасында анасына үш бөлмелі пәтер алып бергенін растады. Жас жігіт пәтерге кеткен қаражатты өз еңбегімен тапқанын айтады. Бір қызығы, шымкенттік өнер иесі қомақты қаржыны тойдан таппаған.  

"Ақшаны үйдегілерге, анама беремін. Өйткені өзім ұстасам, жаратып қоя беремін. Керек болса, айтамын. Әрбір ер адамға ақшасын қадағалап отыратын адам керек. Әйтпесе тапқаныңның берекесі кетіп қалады. Үйленгенде көремін, мамаға немесе әйеліме беремін. Қазір каспиімде 2700 теңге бар", - деп ағынан жарылды Садраддин.  




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 13:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31