Өркениет

"Бір ай тегін ән айтқызбақ болған": Гауһар Әлімбекованың адвокаты

  • Фото: Instagram/serik_serik_1983/gauhar_alimbekova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/serik_serik_1983/gauhar_alimbekova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бизнесмен Серік Мәмреев әлеуметтік желі арқылы танымал әнші Гауһар Әлімбековадан 2 млн теңге көлеміндегі қарыз ақшасын қайтара алмай жүргенін айтып, жазба қалдырды. Аталған пост желіде қызу талқыланып, отандық БАҚ беттеріне жарияланған болатын. Осыдан соң, әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты Бағдагүл Әжіғалиева KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарласып, істің ақ-қарасын түсіндірді.

 

"Бизнесмен Серәк Мәмреев мырза бұл туралы заң орындарына жүгінбей, бірден әлеуметтік желіні пайдаланып отыр. Ал халық желідегі жағдайдың бәріне дерлік сене береді.

Осы жағдайға қатысты Гауһар Әлімбекова менен кеңес сұраған болатын. Оқиғаның қалай өрбігенін Instagram-дағы парақшама қалдырдым.

Ал қысқаша айтар болсам, Гауһарға концерт өткізу туралы идеяны айтып, соңынан қалмай қойған Серіктің өзі. 2019 жылдың наурыз айынан бастап ол еліміздің батыс өңірінде әншінің төрт концертін өткізбек болып, әр концерт құны 1 млн теңге болатынын айтады. Сол кезде дау-дамайдан шаршаған Гауһар концерт беруге дайын еместігін айтып, бас тартқан.

Бірақ Серік мырза бірнеше рет қоңырау шалған соң, Гауһар Шымкенттегі концерті мен өзі келісім беріп қойған екі тойдан бас тартып, Серіктің ұсынысын қабыл алады. Шымқаладағы концерт билеттерінің 60-70 пайызы сатылып қойса да, Әлімбекова билеттерді қайтарып, елдің батысындағы концертке келіседі.


2019 жылдың қыркүйегінде Серік Алматыға келіп, алдағы концерт гонорарының жартысын – 2 млн теңгені Гауһарға беріп кетеді.

Әлімбекованың концерті 2019 жылдың 4-7 қазаны аралығында өтуі тиіс еді. Алайда, концерт басталуға үш күн қалғанда Мәміреев ұйымдастырушы жігіттің бауыры қайтыс болғанын айтып, концерттің көктемге қалғанын жеткізеді. Ал төленген ақшаға әншінің қыста Атырауға барып, тойға қатысып кетуін өтінген.

Гауһар қазан айында ағасы көз жұмғанына қарамастан, Серіктің өтінішін орындайды.


Содан соң бизнесмен Мәміреев мүлде хабарсыз кетеді де, 2020 жылдың сәуірінде байланысқа шығады. Оның талабы тіптен шектен шыққаны белгілі. Ол әлгі 2 миллион теңгенің өтеуі ретінде Гауһар Әлімбековадан бір ай бойы өзінің Атыраудағы ресторанында тегін ән шырқауын талап еткен.


29 маусым мен 29 шілде аралығында тойханада ән шырқайтындай Гауһар өнерге енді келген жас әнші емес. Сондай-ақ, пәтерді де Гауһар өзі жалдап тұруы тиіс екен. Әрине, Әлімбекова мұндайға келіспейді. Концерт өткізу мен тойда ән айту екі бөлек нәрсе. Мен мамыр айында әр әншінің өз шарты болатынын, ақшаны бұлай өтеу мүмкін еместігін Серікке де, заңгеріне де түсіндірдім.


Бірақ олар айғайға басумен болды. Концертті ұйымдастыру туралы бастаманы көтерген Серіктің өзі. Мұны азаматтық ортада кәсіпкерлік тәуекел деп атайды. Концерт ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті, келісімшартты талап етеді. Алайда, мұның бірі болмаған. Әнші ауызша келісім берсе де, оны орындауға дайын еді. Бірақ хабарласпай кеткен Серіктің өзі", - дейді адвокат.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Гаухар Әлімбекованың белгілі кәсіпкерге екі миллион теңгесін қайтармай қойғаны жайлы жазған болатынбыз. Ол танымал әншіге сенгендіктен келісімшартқа отырмағанын айтты. Серік Мәмреев өнер иесінен ешқандай жала жауып отырмағанын келтіріп, қомақты қаржыны берген уақытты жанында куәгерлер болғанын жеткізді.

 

www.instagram.com/p/CAzuLq7l_mn/




Көрілген: 1669    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 19:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31