Өркениет

Бір-бірінен аумайды: Дидар Кәден сүйіктісіне үйленуге ұсыныс айтты

  • Бір-бірінен аумайды: Дидар Кәден сүйіктісіне үйленуге ұсыныс айтты

    Бір-бірінен аумайды: Дидар Кәден сүйіктісіне үйленуге ұсыныс айтты

Қазақстандық әнші, сазгер Дидар Кәден екінші рет отау құрмақ. Әнші өзінің туға күнінде сүйіктісіне ұсыныс айтты. Қалыңдығының оң жауабын алған соң достары құттықтап, тілегін білдірді.

Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден 30 жасқа толды. Өнер өкілдерін қуанышына шақырып, дүркіретіп той тойлады. Той соңында сүйіктісі Ләйләға ұсыныс жасады. Сүйіктісі оң жауабын берді. 

 
Осыдан соң әншінің достары құттықтап, қуанышты сәтті желіге жүктеді. 

Желі қолданушылары да құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бақытты болыңдар, екінші некең сәтті болсын", "Қалыңдығың әдемі екен, бақтарың жансын", "Жас қыз екен, сүйкімді екен", "Енді бақытты ет", "Алланың жазғаны болады", "Біреуді айыптағанша, өздеріңе бақыт тілеңдер", "Жарасымды жұп, бақытты болсын", "Бір-бірінен аумайды екен" - деп жазды олар.

Әншінің қалыңдыңы кәсіби биші. 24 жастағы арудың есімі Ләйлә.

Айта кетейік, Дидар Кәден атақты актриса Лидия Кәденованың ұлы. Бірінші некесі сәтсіз болып, жұбайы екеуі екі жаққа кеткен еді. Ол некеден Дияр атты ұлы бар.

Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың дүбірлі тойы 2015 жылдың қарашасында Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен еді. Олар араға бір жарым жыл салып ажырасып кетті. 

Бойдақ жігіт жақында тойдың ауылы алыс емес екенін айтып жаңалығын бөлісті.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова ұлын екінші рет үйлендіруге қарсы еместігін айтты. Актриса жалғыз ұлының бірінші әйелімен ажырасу себебін түсіндіріп, жаңа үйленген жастарды мейлінше жеке тұрғызу керектігін айтты. 




Көрілген: 1027    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31