"Біраз таяқ жедім". Ерке Есмахан блогерлерге ренішін білдірді (видео)

01 наурыз 2022, 09:42

Қайрат Нұртастың туған күніне Мальдив араладарына барған Ерке Есмахан оңбай таяқ жеді.

Мальдив аралдарында демалып жүрген қазақстандық блогерлер NNN мен досы Әлішер Қонысбаев әншіге бірлесіп вайн түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.

Блогерлердің ұсынысын Ерке ойланбастан қабылдады. Түсірілім барысында дубльдар сәтсіз болып, әнші басынан бірнеше рет қатты соққы алды.

Кешірмеймін. Нұрдәулет сен маған қысқа вайн деп айттың. Сөйтіп алпыс бес дубль түсірдің. Әнші болып жүре берейін, өзің түсірші вайныңды, — деді ол.

Жылап түсірген вайн осы. Кіріп коммент жазып кетіңіздер. Біраз таяқ жедім, — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.