Өркениет

"Біраз уақыттан бері біргеміз". Анна Данченко сүйіктісі туралы жан сырын ақтарды

  • "Біраз уақыттан бері біргеміз". Анна Данченко сүйіктісі туралы жан сырын ақтарды

 Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко жеке өміріне қатысты тың мәліметтерімен бөлісті. Журналист ару сүйіктісі бар екенін мойындап, қарым-қатынасы туралы айтып өтті. Белгілі болғандай, қос ғашық біраз уақыттан бері кездесіп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко "Бір болайық" жобасының түсірілімі уақытша тоқтап қалғанына байланысты бос уақытын оқырмандарына арнауды шешті. Тележүргізуші оларға барынша жақын болу үшін Instagram парақшасына келіп түскен қызықты сұрақтарға жауап берген. Журналистің айтуынша, желідегілердің басым көпшілігі оның жеке өмірі жайлы білгісі келген. Сүйіктісі жайлы келіп түскен сұрақтардың көп болуына орай тележүргізуші арқа сүйер азаматы туралы айтып беруді жөн көрген. "Бар адамды жоқ деп айта алмаймын ғой. Құпия емес, сүйіктім бар. Басым бос емес. Біз біраз уақыттан бері біргеміз. Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы" , - деп қысқа қайырды Анна Данченко. Тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында сүйіктісінің фотосын салған емес. Ол жеке өмірін көпшіліктен барынша жасырын ұстауға тырысады. Айта кетейік, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаеваның көптен жасырған екінші жолдасының суреті желіде тарап кеткен болатын.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1994    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31