Өркениет

Бүгін Батырхан Шүкеновтің туған күні

  • фото: zhasorken.kz

    фото: zhasorken.kz

Бүгін Қазақстанның әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің туған күні.

 

Бүгін Қазақстанның әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Шүкенов дүниеге келген. Ол Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.

 

1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді.

 

1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды.

 

1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А-Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» әш кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Совет одағы аумағында танымал болды.

 

Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды.

 

2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды.

 

2009 жылы ЮНИСЕФ ерікті елшісі, 2010 жылы Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.

 

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.

 

 

 ҚазАқпарат




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 08:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31