Өркениет

Бүгін халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасқа толды

  • Бүгін халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасқа толды

    Бүгін халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасқа толды

Бүгін халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні. Саналы ғұмырын жазу-сызуға арнаған ағамыз 97 жасқа толып отыр, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Әбекең бала күнінде тәркілеу, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды.

Шын мәнінде, суреткердің қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына. Оның ішінде «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» романдарының шоқтығы биік, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Бұл шығармалар қашанда әр буынның сүйіп оқитын туындылары болып қала береді.

Ағамыз шығармаларының басым бөлігін кеңестік кезеңде жазғаны белгілі. Дегенмен, тәуелсіздік алған тұста да ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтуге зор еңбек сіңірді. Қазақ ПЕН-клубын құрып, оның жанынан «Таң-Шолпан» атты әдеби журнал ашты. Бұл егемендіктің елең-алаң шағында жаңа заманға бейімделе қоймаған қаламгерлер үшін үлкен қолдау болды. Осылайша Әбекең әдебиетке деген адалдықтың озық үлгісін көрсетті.

Жалпы, Әбдіжәміл аға туралы айтқанда, оның табандылық, ірілік, өрлік қасиеттеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Расымен, ағамыз бұралаңы көп өмір жолында ешқашан өз биігінен төмендеген емес. Қашанда асқақ, ақсүйек, кербез қалпын сақтай білді.

Ардақты Әбе! Туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық және амандық тілеймін! Елдің ықыласына бөленіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіз, - деді ол.


BAQ.KZ




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31