"Бүгін мені іздемеңдер!" Ерке Есмахан бір түнін жас жігітке арнады

23 мамыр 2022, 19:50

Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын Ерке тағы да бейтаныс жігітпен көзге түсті.

Басы бос әнші бикеш бұл жолы жүзін жасырған ер азаматпен құшақтасқан суретін әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Экспресс К

Еркенің кешегі түні көңілді өткенге ұқсайды. Ол Алматыдағы сауық кештердің бірінде жүрген сәтін Instagram-дағы Stories бөлімінде жариялап, екіойлы жазба қалдырған.

Бүгін мені іздемеңдер, — деп Ерке оқырмандарын қызықтырып қойды.

Кейін Ерке Есмахан дәл сол жігітпен вальс билеп, бақыттан басы айналған сәтін әлеуметтік желіге салып, тағы да сезімге толы жазба қалдырды.

Бұл жерде үндемеген дұрыс-ау, — деді Ерке.

Жас жігіттің құшағында жүрген Ерке кешегі күніне бүгін есеп беріп, оқиғаның барлығын оқырмандарына баяндап берді. Әншінің айтуынша, түнде отандық шоу-бизнестегі Тұрар есімді орындаушының шығармашылық кеші өткен. Қасындағы бейтаныс ер адам дәл сол жас әріптесі екен.


Кеше не болғанын айтып берейін. Тұрар шығармашылық кеш жасады. Ары қарай Тұрардың Live форматта әндерін тыңдадық. Қызықты сәттер өте көп болды. Атмосфера әдемі. Мирас Жүгінісовтің әніне жандырып тұрып биледік. Шығармашылық табыс тілеймін, — деді Есмахан.

Айта кетейік, бұл Еркенің жас жігітпен бірінші рет көзге түсуі емес. Әнші бикеш осы уақытқа дейін екі рет ажырасқан. Алғашында танымал журналист Асхат Садырбайға тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз аяқталса, екінші рет өзінен 9 жас кіші Ninety One тобының экс-мүшесі A.Z, яғни Азамат Зенкаевпен көңіл жарастырып, кейін ғашықтар тағы да екі жаққа кеткен еді.