Бүгінгі қазақ неге «дұға» сөзінен қорқады?

Бүгінгі қазақ неге «дұға» сөзінен қорқады?

Бұл күнде «аңқау елге арамза молда» көбейіп барады. Жалпы, өмір ағысы, күнделікті жүріс-тұрысың, тіпті дастархан басындағы тілектің өзін де қасаң қағидаларға салып отыратындардың қатары артып келеді. Дін мәселесіне қатысты «Алаш айнасы» да зерттей мақала арнап көрген еді.
Осыдан біраз бұрын бір қонағасыда  ыңғайсыз жағдайға қалдық. Түскі ас мезгілі-тұғын. Дастарханға кештеу келген бір жігіт бірден асқа қол сала бастады. Әрине, «дәм-тұзымыз таусылмасын», – деп дұға тілеп барып ас-аухатқа қамданатын біз дағдарып қалдық. Ішімізден ересектеу жігіт ағасы «Баурым, біз әлі асқа адалдық тілеп үлгермедік ғой. Мұның қалай?» дегені сол-ақ екен, жас жігіт шамдана қалды.
 Сөз ауанына үңілсек, бұлай істеу шариғатта жазылмаған. Бар дұға тек іштен айтылуы керек. Бір сөзбен сонда отырған жамағаттың асқа бата қайыруы «қате» болып шықты. Иә, онан ары айтысуды жөн көрмеген біз дәм татып, үйді-үйімізге тарқастық. Дегенмен, жігіттің істің шешімін өзі ғана түйіндеп, бірден кесіп айтатын «тік» мінезі, өзгеше киім үлгісі, бұйығылығы дәстүрден алшақтап бара жатқан адамның бейнесін елестетті. Хош, мұндай жағдайға бірінші рет кез болып отырған жоқпыз. Әріптесім Жәнібектің айтуынша, мұндай жағдай тек Шымкентте ғана емес Астана да көптеп кездеседі екен. Былтыр мұсылманның қастерлі айы Ораза айында «Нұр Астана» мешітінде Ауыз ашарға барған Жәнібектің бір байқағаны, астың алды-артындағы бата қайырудағы біркелкісіздік болыпты. Бір қызығы, бір дастархан басында «шолақ балақ шалбар, бейберекет сақал өсіргендердің» қатары көп жағдайда, тамақтанып болғасын бет сипап, бата қайырмай тұрып кетеді екен. Ал, керісінше «қолдаушылары» аз болған жағдайда көпшіліктің ыңғайына жүгінеді екен. Қарап тұрып, «мұндай өз-өзін алдаудан не ұтамыз, діни сауатсыздықпен қайда барамыз?», – деген сұрақ туындайды.
Әруақтар тілекті қабыл ете ме?
Иә, осы сұрақтың жауабын әркім әрқилы айтып жүр. Анығында, кейбіреулер «Пәленбей ата-бабамның аруағы қолдасын!», – деп сүйегі әлдеқашан топыраққа айналған алпыс ата, жетпіс жездесінің атына дұға етіп жатады. Адам баласы жербетілік дәм-тұзы таусылып, топырақ бұйырған мекенге енгесін әруаққа айналары хақ. «Сонда өлгеннен кейін олар бұл дүниеде қалған ұрпақтарына қолдау көрсетеді. Өлі тірілерге жәрдем етеді» деген сұрақтың қисынға келе бермесі анық.
Біріншіден, әруақ (рух) жандар деген мағынаны білдіреді. Яғни, адам сол рухы кеудесінде болғаны үшін тірі. Ал, рух тәнді тәрк еткенде ғана жансыз дене жер қойнауына табысталады. Демек, біз әруаққа айналмаймыз, рухымыз денемізден шығады. Ал, әрбір адам тірі кезінде не істеген болса, қиямет күніне дейін рухы қабірде соның рахатын немесе азабын тартады. Сондықтан, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Қабір азабынан сақта...", – деп дұға ететін және үмбетіне осылайша дұға жасауды үйреткен.
Екіншіден, қазақ ешуақытта Алла тағалаға серік қоспаған. Бірақ, дүниеден өткен ата-бабаны сыйлап, рухтары шат яғни, қабірінде жеңілдік болсын деп дұға жасайтын болған. Алайда олардан пір, әулие жасасын демеген. Сондықтан тек олардың бұл пәнидегі біліп не білмей істеген қателіктерінің кешірімін беру үшін тек қана бір Алладан қайрымдылық пен медет сұраған абзал.
Дұға іштей де айтылады екен
Қасиетті рамазан айы мұсылман үшін Аллаһтың рақымы мен шапағатына бөленетін, сауабы мен берекесі мол ай. Рамазан айының рамазан айы болуының өзіндік себептері бар. Біріншіден, бұл айда Құран түсті. Екіншіден, исламның бес парызының бірі оразаны осы айда ұстауға әмір етілді. Үшіншіден, мың айға тең келетін Қадір түні осы айдың еншісінде. Рамазан айының шарапаты мен сауабы тек ораза ұстаумен ғана шектелмейді. Бұл айда жасалған нәпіл амалдарымыз үшін сауап жазылмақ. Сол сауабы мол амалдың бірі - аузы берік жанға ауыз аштыру. Жалпы асқа батаның мұқтарам мұсылман қауым арасында кең таралған түрі:
–Астан құдай айырма!   
Астан құдай айырсаң,   
Батады ел уайымға.   
Ассыз күнің—құршылық.   
Толса қырман—молшылық.    
Тоқшылық та—көпшілік.    
Көпшіліктің көңіліне,   
Ұя салма жоқшылық.   
Жақыныңды, жатыңды,   
Дәм татқызсаң мақұл—ды.    
Әз дастарқан басында,   
Жауласқандар—татыу-ды.   
Ас-әулие, бақ, несіп.   
Берекеге, бірлікке,   
Шақырары хақ-десіп,   
Тас атқанға ас атқан,   
Қазақ елі ақ бесік.   
Бер ағайын—асқа жол.     
Астың жолы басқа жол.   
Астың қоныс сезбеген,   
Айдалада аштан өл.   
Ас—жүректің азығы.   
Ақ тілектің—қазығы.    
Адал  асың—арқауың.   
Ас дегенің бір ұлы,   
Тіріліктің ол ұлығы.       
Ас дегенің ырызғы,   
Толсын саба қымызға.    
Қазы-қарта бар болсын.   
Құраннан да кіиелі,   
Жалғыз түйір дән дерсің.    
Қанағатың жар болсын, – деп келеді.
Дұға мен сиқырлауды шатастырмайық
Дұға бір сөзбен  – құлшылық, дұға – ғибадаттың өзегі, дұға – тікелей Жаратқанға бет бұрып жалбарыну. Құлшылық жайлы айтылғанда дұға туралы айтпау мүмкін емес. Негізі Аллаһ «Дұғаларың болмаса, қандай қадір-қасиеттерің бар?!» демеуші ме еді? «Дұға етіңдер, қабыл етейін», – деген ұғым осыдан қалса керек. Ал, сиқырдың жөні өзгеше.
Біріншіден, Құранда ерлі-зайыптылардың арасын бұзатын сиқыр туралы айтылып, Сүлеймен мен Мұса пайғамбарлар заманындағы сиқыр жайлы оқиғалар жан-жақты баяндалады.
Екіншіден, бір яһуди кісі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне сиқыр жасаған. Пайғамбарымыз мазасыздана бастағанда, періштенің көмегімен, құдықтағы дуалы зат сыртқа шығарылып, муаууизатайн сүрелері оқылады. Сөйтіп, Аллаһ тағала ол кесапатты Пайғамбарымыздан аластатады.
Ал үшіншісі, өмірімізде сиқыр жайлы көптеген оқиғалар мен мысалдар бар. Дегенмен жоғарыда айтылған мысалдарды жеткілікті болар деген ниетпен мынаны ғана айтып өткенді жөн көрдім. Хадисте айтылғандай, көз тиюдің бар екені шындық болса, дұғалау да рас. Дегенмен іске ассын-аспасын әйтеуір біреуді дуалап қою, дуалату, жасаған не жасатқан кісілерге көмектесу, осы жолмен басқа адамның басын айналдыру, ерлі-зайыптылардың арасына от салу, адамдарды бір-біріне айдап салу – харам әрі күнә. Бұлардың харам екенін біле тұра, дуалау не біреуге дуалату – күпірлік. Алайда біреу шынымен де жынданып кетсе, дуаланған болса әрі қатты қиналса, дем салу, оқу арқылы оны осы кеселден құтқару сауап іс болып саналатын шығар.
Ең бастысы, бұл істің дағдыға айналмағаны жөн. Өйткені Құран мен хадисте бұл турасында ештеңе айтылмаған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жындармен сөйлескен, бірақ бұл оқиға пайғамбарлық міндетінен туындаған. Өзі жындарға да пайғамбар болып келгендіктен оларға дінді уағыздаған, серттерін қабылдап, негізгі міндеттерін түсіндірген. Бұдан басқа уақытта жындармен байланыс құру, оларды қолдану, бас дұғалап не қайтару секілді істермен шұғылданбаған. Хадистерде де бұл турасында ештеңе айтылмаған. Ол бізге тек жын-шайтанның нендей зияндары бар екенін ескертіп, одан қалай сақтанудың жолдарын ғана үйреткен. Жалпы алғанда, үмбетінің мұнымен айналысуын құптамаған. Десек те, аузы дуалы әулие кісілердің жындарды жақсы ниетпен ізгілікті істерде қолдануына сірә кедергі бола қоймас деп ойлаймын. Өйткені Құранда бірнеше пайғамбардың жындарды әр түрлі қызметте қолданғандығы жөнінде мәліметтер бар.
Дұға кейде іштей қалауға айналып, жүректен шығады. Осындай жағдайда құл ләм-мим демейді. Тіпті, еріндері де қимылдамайды. Бірақ ғайыпты білуші Жаббар Иенің халін білетіндігін сезіп, толық тәуекел етеді. Ақырында,  Ибраһим алейһиссәламның отқа лақтырылған кездегі халі тәрізді тілегіне жетеді. Сырттай өзіңе көмектесетін мүмкіндік қалмаған сәтте: «Ей, от! Ибраһимге салқын әрі саламатты бол (Ибраһимді күйдірме)»  деген иләһи жарлық оған күтпеген жерден көмекке келген.
Дұғаның екінші түрі – жүректегі сезімдердің тіл арқылы Жаратқанға жетуі. Ондайда құл тек хал-жағдайын айтады, бірақ қалауын ашық білдірмейді. Кейде халін де, қалауын да жеткізеді. Құран пайғамбарлардың дұғаларынан екеуіне де мысал етіп таңдаған. Біріншісі, Әйюб алейһиссәламның: «Я, Раббым! Маған зиян тиді. Сен – рақымдылардың ең Рақымдысысың» дұғасы арқылы, Жүніс пайғамбар: «Сенен басқа Құдай жоқ. Шынында, мен әділетсіздік етушілерден болдым» деген дұғасы тәрізді. Екінші жағдайға Зәкәрия пайғамбардан мысал берілген. Ол да Жаратушысына «Ей, Раббым! Маған игі ұрпақ бер. Сөзсіз, Сен тілекті естушісің»  деп дұға еткен.
Сондай-ақ, Құранда дұға мәселесінің терең қозғалып, Пайғамбарымызға тікелей үйретілуінен-ақ оның өте маңызды екендігін байқаймыз. Бұлай болмағанда, Құран Кәрім жүздеген аяттары арқылы дұға жайлы сөз етер ме еді? Бұдан басқа, Пайғамбарымыздан риуаят етілген жүздеген, тіпті мыңдаған хадис шәріптер де дұғаның маңыздылығын арттыра түседі. Ол өмірдің барлық сәтін құр жібермей, қажетті дұғаларды үмбетіне үйретіп кеткен. Адам баласы қашан да ішкі тілектерін ең көркем түрде аз сөзге көп мағынаны сыйдырып жеткізгісі келеді. Ең үлкен көмекшіміз – Құран Кәрім, келесі көмекшіміз –хадис шәріптерде айтылған дұғалар. Өйткені, бізге бәрін берген Жаратушы осы дұғалар арқылы қалай тілек тілеуді үйретеді. Дұғаларды терең үйренген жан, сөз жоқ, Хақ тағаланың елшісі еді. Ол құлшылық пен дұғаның ұшар шыңында болды. Аллаһ тағаланың ұлылығы мен құдіретін ең асқақ шыңнан тамашаласа да, тоя алмай: «Сені лайықты түрде тани алмадық», – деп күрсінеді. Әбу Бәкір (р.а.) де:«Жаратушыны ұғынуға қауқарсыз екендігін ұғынуы – пенденің нағыз ұғынуы болмақ», – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста