Өркениет

«Бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты...»: Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайды баяндады

  • «Бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты...»: Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайды баяндады

    «Бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты...»: Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайды баяндады

Бүгінде бала-шағасымен демалысқа аттанған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы саяхаты кезінде жағымсыз оқиғаға тап болған. Ақпарат өкілі суға батып, өліп қала жаздаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ләйлә Сұлтанқызы демалысы барысында орын алған жағдай туралы Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші балаларымен теңіз бетімен жарыспақ болып, суға батып кете жаздаған.

«Өліп қала жаздадым. Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Басынан бастап айтайын. Бүгін watersport-қа барғанбыз. Кішкентай баллондарға отырып теңіз бетімен жарысатын болдық. Төртеуміз төрт баллонға отырып алдық. Бір уақытта қатты толқынға соғылып 1,5-2 метрге аспанға қарай көтерілдім де бір сәтте судың астына күмп еттім. Қандай жағдай орын алмасын, паника жасамауға тырысатыным бар. Көзімді ашсам су астында тұншығып жатыр екем. Ойлаңызшы. Теңіздің ортасы. Жайлап жүзе бастадым. Судың бетіне шыққанда мені іздеп келгендерді көрем. Бірер минут ұзаққа созылып кеткендей болды. Су астында 1 секундта бүкіл өмірім көз алдымнан сырғып өтті ғой. Ойлап отырмын енді, кейде ертеңге жоспар құрасың, үйтеміз-бүйтеміз дейміз. Құдай осындай оқиғалармен сынап алатын шығар», - деп баяндады Сұлтанқызы. 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2036    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31