Өркениет

"Бұл - сенсация": тыңдарман Димаштың жаңа әніне тәнті болды (видео)

  • © Sputnik / Екатерина Лызлова

    © Sputnik / Екатерина Лызлова

Желіде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа ән жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Жаңа шығарманың атауы – "Passione". Ән итальян тілінде жазылған. Димаш Құдайберген оны "Новая волна" халықаралық байқауында орындады. Әншіні ресейдің танымал композиторы Игорь Крутой және Сочи қаласының жастар хоры сүйемелдеп отырды.


"Үлкен рақмет! Қадірлі достар, шынымды айтсам, өздеріңіз сияқты тыңдарманның алдына шығып, ән айтқан сайын тамаша сезімге бөленемін. Қазақстанға келіңіздер! Маэстро Игорь Яковлевич, сізге үлкен рақмет! Барлық "dears"-тарға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді Құдайберген.


Ал желіде жаңа әнді тыңдағандар әншінің даусына тәнті болғанын айтады.


"Бұл-сенсация. Бар өмірім көз алдымнан қайта өткендей болды. Тұншығып, мұхиттан шығып, терең дем алғандай боласың", - деп жазған тыңдарманның бірі.


Айта кетейік, бұған дейін композитор Игорь Крутой "Новая волна" конкурсында Димаш Құдайберген жаңа ән орындайтынын хабарлаған болатын.


 


 




 




Көрілген: 1772    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 13:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30