Өркениет

«Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы!» - Айгүл Орынбек

  • «Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы!» - Айгүл Орынбек

    «Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы!» - Айгүл Орынбек

Айтыскер ақын, «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабектің өзінің  діни арнасы аз болғандай, ұлттық арна эфирінен уақыт алып, уағыз жүргізуі қазақ қоғамы арасында үлкен қарсылық тудырып жатыр. Қоғам белсенділерінің айтуынша, елдің басты ақпарат арнасына сәләфи ағымының өкілдерінің уағыз айтуы ұлтымыз үшін өте үлкен қауіп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл мәселеге белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек те өзінің қарсылығын білдірген. Ұлтқа Тазабеков секілділер емес Зейнеп Ахметова секілді абыройлы аналар кеңес беруі тиіс деген.

«Асыл арна» арқылы үйрете алмаған, тәлім тәрбиені Ұлттық арнадан үйретейін деді ме?
Ұлттың арнасы, діни фанаттардың арнасы ма?
Қарттарды ұрып, теуіп, приказ орындауға үйрете ме енді?

Ұлтқа тәлім тәрбиені, батыр атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыз тұрғанда, Мұхамеджан Тазабекке жол қайда? Тазабектің де ұяты жоқ екен, Зейнеп апамыз тұрғанда, алдына шығып тәлім тәрбие бергенім жарамас! «Мен де кеше ғана сақалым тіземе тиіп адасып, қарттарды ұруға шақырып жүрген адам едім» -деп бас тартуға болар еді! «Жоқ, кесетін жерімді кесіп ал!» деп, беті быттыйып Ұлттық арнадан бірақ шығыпты!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол, жұртқа ақылды үлкендер айтуы тиіс деп есептейді. 

«Жастарға ақылды қарт кісілер айтатын еді, бізде тепсе темір үзетін, жастар айтатын болғаны қашан?!

Ұлттық арнаның мәртебесі биіктейді ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты!
Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы!

Ұлттық арнаға қазынадан ақша бөліну тоқтатылсын!
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл арнаны шұғыл тексерсін!», - деп жазған жазба авторы.

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=2783497035259639&set=a.1381809325428424&type=3




Көрілген: 5856    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30