Өркениет

Бұл іске Қайрат Нұртас пен Аргонияның өтінішімен бардым: Желіде есірткі саудасына қатысты істі болған қыздың хаты жарияланды

  • Бұл іске Қайрат Нұртас пен Аргонияның өтінішімен бардым: Желіде есірткі саудасына қатысты істі болған қыздың хаты жарияланды

    Бұл іске Қайрат Нұртас пен Аргонияның өтінішімен бардым: Желіде есірткі саудасына қатысты істі болған қыздың хаты жарияланды

Әлеуметтік желіде Гаухар Мұса есімді азаматшаның хаты жарияланды. Хатта азаматша өзінің синтетикалық есірткі қолданғанын, алайда оны сатумен айналыспағанын жазған. Сонымен қатар, бұл іске қазақстандық әншілердің қатысы барын айтады.

Әлеуметтік желіде Гаухар Мұса атты азаматшаның хаты жарияланды. Ол өз адвокатына сене отыра осы хатты көпшілікке таратуды сұрайды.

"Мен өзімді ақтап отырған жоқпын. Синтетикалық есірткіні қолданғанымды мойындаймын, бірақ оны сатумен айналысқан жоқпын. Мен Қайрат Нұртас, Арғын Аусаров (Аргония), Амантай Әбенов сатып алған заттарды алып кетіп жүрдім немесе олардың ақшасын сатушыға апарып бердім. Яғни әншілердің өтінішімін екі ортада жүрдім. Бірақ есірткі саудасымен айналысқан жоқпын. Оларға тиісуден қорқады. Онда маған да тиіспесін.

Маған Аргонияның атынан хабарласқанда да осындай жағдай болды. Кейін оның полиция департаментінің адамы екені белгілі болды. Есірткімен күрес бөлімінің басшысы (аты-жөнін білмеймін, көзі ойнақшып тұрады), елордалық полиция департаментінде әншілердің атын атамауды сұрады. Мені тек есірткілік затты қолданды деп айыптайтынын, бірақ соттамайтынын айтып алдады. Егер әншілерді айтар болсам, іс қиындай түседі деді. Ал қазір мені айыптап жатыр екен және маған ауыр жаза беруі мүмкін. Осы хатты адвокатыма сеніп тапсыра отыра көпшілікке жариялауын сұраймын", - делінген хатта. Хатта айтылған жайттардың қаншалықты шындыққа жанасатынын, аты аталған әншілердің қылмысқа қатысы бар-жоғын білу мақсатында елордалық полиция департаментін сауал жолдадық.

«Елордалық полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 18 мамырында азамат «Г» -ге қарсы есірткіні заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Жедел іс-шаралар барысында 2020 жылдың 22 маусымында полиция қызметкерлері «Г» есімді азаматшаны ұстады. Жеке заттарын тінту кезінде салмағы 3 грамнан асатын «мефедрон» есірткісі тәркіленді.

Хатта айтылған қазақстандық эстрада жұлдыздарына қатысты айтсақ, олардың заңсыз іске қатысы жайлы азаматша «Г» -ден жазбаша арыз түскен жоқ», - деп жауап берді Нұр-сұлан қалалық полиция департаменті.

Дәлелдер тексерілу үшін материал сотқа жіберілген.




Көрілген: 5947    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31