Өркениет

"Бұл сұмдықты тоқтату керек": Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" қаулысына шүйлікті

  • "Бұл сұмдықты тоқтату керек": Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" қаулысына шүйлікті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде жыныс ауыстыру мәселесі жайлы тарап кеткен ақпаратқа қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бұл жағдайға түбегейлі қарсы екенін ашық жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева жыныс ауыстыру отасына рұқсат берілгеніне шүйлігіп, Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Әнші денсаулық министрі шығарған қаулыға өз қарсылығын білдіріп, президентке үндеу жолдады.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді! Денсаулық сақтау министрі, Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды. Президент мырза, қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма , сонда? Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны. Қаншама мұқтаж отбасы бар. Қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Димаш аударған қаржы сол мұқтаждарға бөлінсін. Мына сұмдықты тоқтату керек. 

Дамыған 50 , 30 елдің қатарына кіру үшін, сөз бостандығы , ой бостандығы , “интернеттің жылдамдығы” , “ жолдың сапасы” сияқты адамның құқығы деген де бар-мыс. Енді сол адам құқығының ішіне, осы жыныс ауыстыру деген де кіреді екен! Егер осының барлығы орындалмаса, 50, 30 елдің қатарына кіре алмай қалады екенбіз. Бүйткен дамыған елінің. Бәрібір жыныс ауыстыруға рұқсат бар екен" , - деп жазды Жорабаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға рұқсат бергені жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда ведомство бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.




Көрілген: 1032    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31