Өркениет

Бүркіт: Кеш үйленгеніме өкінбеймін, Аишаны жолықтырған Аллаға мың да бір рахмет

  • Бүркіт: Кеш үйленгеніме өкінбеймін, Аишаны жолықтырған Аллаға мың да бір рахмет

    Бүркіт: Кеш үйленгеніме өкінбеймін, Аишаны жолықтырған Аллаға мың да бір рахмет

34 жасында отбасын құрған Бүркіт бұған еш өкінбейді. Қайта кеш болса да, Аишаны жолықтырғанына дән риза. Бұл туралы Бүркіт "Таңғы Хабар" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ешқашан өкініш болмайды. Барлығы бір Алланың қолында, бұйырғаны. Аишаны жолықтырғаны үшін Аллаға мың да бір рахмет айтамын. Көзінше мақтамай-ақ қояйын, бірақ өте жақсы адам", - деп ағынан жарылды Бүркіт.

Екеуі отбасын құрғанда Аишаның жасы небәрі 21-де болған. Бүгінде екеуінің екі ұл, бір қызы бар. Биыл жұлдызды жұптың отасқанына 11 жыл. Былтыр он жылдықты тойлауға карантин кесірін тигізіпті. Ал биыл ұлдарын сүндетке отырғызып, ата-анасын Тараздан Алматыға көшіріп жатқан Бүркіттің той жасауға уақыты тапшы. 

Бұдан бөлек, Бүркіт қазіргі жастардың кеш үйленуінің себебін айтты. 

"Кеңес дәуірі кезінде коммунизм болды. Ол кезде ақша әрқайсысына бөлініп беретін, жұмыс істеген адамның ақшасы бар. Сантехник, электрик болсаң да, зауытта жұмыс істесең де, ақшаң бар. Сондықтан ол кезде барлығы уақытында үйленетін. 

Қазір заман өзгеше. Барлығы тиынға тіреледі. Екінші жағынан, ғаламтор бар. Барлығының көзі ашылды. Тамсанып қарайды, қыздардың да мінез-құлқы өзгереді. Кім кедей болып өмір сүргісі келеді? Барлығы табысты отбасына барғысы келеді. Жігіттер де соған сай жұмыс істеп, ақша тапқысы келеді. Содан кейін ғана отбасын құрады. Ата-анасының мойнында отырғысы келмейді ғой", - деді Бүркіт.




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31