Өркениет

"Бүйтпе, сүйтпе": Қарақат Әбілдина ұят туралы

  • "Бүйтпе, сүйтпе": Қарақат Әбілдина ұят туралы

 Қарақат Әбілдина ұят туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Белгілі әнші өзінің заманы мен бүгінгі замандағы жастардың психологиясын салыстырды. Бұрын елдің сөзіне қатты мән беріп, әр басқан қадамымызды ешкім ештеңе айтпас па екен деп уайымдайтынбыз дейді Қарақат Әбілдина. Үлкендер тарапынан да талаптың күшті болғанын айтып өтті өнер иесі. Ұят болды деп жүріп, көп нәрседен қағылдық, алайда жаман болмадық деп ашыла сөйледі ол.


"Біз "ұят болады" қағидасымен тәрбиеленген ұрпақпыз. "Ел-жұрт не дейді?" деген қанымызға әбден сіңген. Жасыратыны жоқ, үлкендер көп тыйым салды, шектеу қойды. "Бүйтпе, сүйтпе" деп отырсаң опақ, тұрсаң сопақ қылатын кездер де көп еді. Әрине, соның арқасында адам болып қалыптастық, елдің батасын алдық, жаман болған жоқпыз. Десе де, сол "ұят боладының" әсерімен көп нәрседен қағылғанымыз да рас. Өзгеге жағу үшін өз басымызға зиян келтірген кезіміз де аз емес", - дейді Қарақат Әбілдина.


Алайда, қазіргі заманның жастарының көзқарасы тіпті басқа. Ешкімнің көңіліне де қарамайды, сөзіне де құлақ аспайда, өзі шешім қабылдап, өзі жол табады дейді әнші. Өнер иесі еркіндік болғанды құп көреді. Алайда, жастар шектен шықпай, орнымен өздерін еркін ұстай алса жетерлік дейді ол.


"Ал бүгінгі жастар өздерін бірінші орынға қоятынын, "ел не дейдіге" аса мән бермейтінін көп байқаймыз. Олар жеке басына қажетсіз дүниеге уақыт кетірмейді, бөтен біреудің көңіліне қарап әуре болмайды. Алдымен өзін ойлайды. Қазір мен осы бағыт дұрыс па деп те ойлаймын. Себебі, қанша дегенмен, әр адам ең алдымен өзін ойлауы керек, өз орнын білу керек. Әрине, бұл шектен тыс еркін болу дегенді білдірмейді. Екі ұстанымда да балансты сақтау керек, шектен шықпау керек", - дейді Қарақат Әбілдина.


Stan.kz




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 16:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31