Өркениет

Бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауын өткізуге қарсы петиция жарияланды. Әлеуметтік қызметкер және блогер Гуля Жакупова бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Елімізде жыл сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен "Қазақстан аруы" әйелдер сұлулық байқауы өткізіледі. Мәселен, 2019 жылы оны ұйымдастыруға 132 млн теңге жұмсалды. Байқауды ұйымдастырушылар Қытай мен Үндістаннан келетін туристерінің есебінен шығындар өтелетініне сендірді.

 

Біз, ел азаматтары, үкімет осындай іс-шараларға қатысты көзқарасты қайта қарап, келешекте кез келген сұлулық байқауларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды тоқтатуы керек деп санаймыз", – делінген құжатта.

 

Белсенді тиісті құжатты мемлекет басшысына, үкіметке және мәжіліс депутаттарына жолдады.

 

Байқауларға тыйым салу идеясының бастамашысы Гуля Жақыпова мұндай іс-шаралар туризм тұрғысынан ел үшін айтарлықтай экономикалық тұрғыда әсер етпейді деп санайды. Бұдан бөлек, байқау сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік береді дейді ол.

 

"Соңғы екі жылда әлемнің барлық елдері, соның ішінде Қазақстан пандемияға байланысты экономикадан соққы алған кезде, мұндай шығындар бұдан былай тек болжанатын пайдамен айқындалмай ақтала алмайды. Мемлекеттік қазынаның шығындары салмақты, байсалды және этикалық негізге ие болуы керек", — деп пікірін білдірді әлеуметтік қызметкер.

 

Жақыпова коммерциялық ұйымдар ретінде есептелетін халықаралық конкурстарды мысалға келтіреді. Басқа елдерде оларды бизнес қолдайды. Себебі конкурстық шоу модельдік агенттіктер мен сән үйлеріне арналған алаң болғандықтан. Ал Қазақстанда модельдік бизнес мемлекеттік бюджеттен ақша инвестициялайтындай экономиканың басым секторы болып табылмайды, деп есептейді ол.

 

Блогер сұлулық байқаулары қоғамда әйелдерге қатысты біржақты пікір қалыптастырады деп санайды.

 

"Сұлулық байқаулары баспасөзде, теледидарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде кеңінен таралады. Әйел үшін ең бастысы сыртқы келбеті арқылы қоғамда жақсы пікірлерге ие болу идеясын жеткізеді".

 

Оның сөзінше, мұндай байқаулар белгілі бір түрде тұрмыстық зорлықтың дамуына әсер етеді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 986    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 21:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31