Өркениет

"Біз ажырастық": Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі Асхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасып кеткені рас па?

  • "Біз ажырастық": Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі Асхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасып кеткені рас па?

Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі Асхат Садырбайдың екінші әйелімен де дәм-тұзы жараспай жүр. Бұл туралы журналистің екінші әйелі Айғаным Қорабаева өз Instagram-парақшасында жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ешқандай отбасылық аккаунтым жоқ. Мен Меркідемін. Біз ажырастық. Шындық бәрібір сыртқа шығады», – деп жазған Айғаным.

Әлеуметтік желіде басқа парақша ашып, ол жерде Асхат Садырбайдың суретін салмаған. Тек ұлы Зейінді сағынып жүргенін және жақында бірге болатынын білдірген. Жазуынша, Зейінді бірнеше күннен бері көрмеген екен.

Айғанымның анасы Уәлиева Рая да Асхат ұлын анасына көрсетпей ұстап отырғанын жазған. Күйеубаласы қызын әбден мазақ етіп, жылатқан деп отыр.

«Отбасы шағын мемлекет дейді.Сол жанұяны басқара алмасан, бетперде киюдің қажеті жоқ. Жоспар құрып, үйге камера қойып, ұялы телефонға түсіріп, әйеліңді мазақ ету, жылатудағы мақсатың не?! Мақсатыңды түсінбедік қой. Анасынан баланы айыру ма? 15 күн болды. Ана мен кішкентай 3 жасар баланы жылатып жүргеніңе. Анаң Роза Керімбек екеуіңнің істеген әрекеттерің миға қонымсыз. Өтірік өрге баспайды. Ажырасуға өзің арыз бердің ба. Енді баласын анасына бер», – деп жазған Асхат Садырбайдың енесі өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол күйеубаласының заңға қайшы шығып отырғанын жазған.

Айта кетсек, Асхат Садырбай Айғаным Қорабаевамен 2015 жылы үйленген болатын. Араларында бір бала бар.
 




Көрілген: 3972    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 21:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30