Өркениет

"Біз де ешкім емеспіз": желіні шулатқан Сейфуллин Жолбарыс не жағдай болғанын айтты

  • "Біз де ешкім емеспіз": желіні шулатқан Сейфуллин Жолбарыс не жағдай болғанын айтты

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді

Әнші Сейфуллин Жолбарыс Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында әлеуметтік желіде тараған шулы видеоның қашан түсірілгенін және осы жағдайға байланысты не ойлайтынын айтып берді.

"Бұл жағдай жақында болды. Карантиннің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Мен ұрсып жатқан кезде сол жердегі бір кісі түсіріп алып, желіге салып жіберіпті. Сол арқылы тарап кетті. Ол видеоны көрмеген адам қалмаған шығар", - дейді әнші күліп.

Айтуынша, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын жарияламаған.

"Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін видеодан алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айғайға көштім, - дейді ол.

Алайда екі жақ жанжалға не себеп болғанын айтпауға өзара келіскен.

"Көп адам хабарласып жатыр. Оның ішінде өнердегі аға-апаларым да бар. Бәрі түсініп, өмірде мұндай жағдайлар болатынын айтты. Мен де түсініп тұрмын. Бір нәрсені бүлдірдім деп айта алмаймын. Адамды ренжіткенімді, заңды бұзғанымды білемін және соған заң жүзінде жауап беріп жатырмын", - деді Жолбарыс.
Әншінің айтуынша, іс сотқа жолданған. Алайда соттың шешімі әлі шыққан жоқ.

"Іс сотқа барды. Сот өз шешімін айтады, әкімшілік айыппұл салуы да мүмкін. Себебі ұрып-соққан жоқпын, жай ғана сөз. Біздің заманымызда сөз үшін бір-бірімізді кешірдік деп қоя салатын едік, қазіргі заманда осындай болып кетті. Сол себепті байқап жүріңіздер", - деді Сейфуллин Жолбарыс сұхбат барысында.

Сондай-ақ, әнші өзімен жанжалдасып қалған екінші тараптың өте қарапайым адамдар екенін айтты.

"Сот шешімі шыққан жоқ. Сол себепті ештеңе айта алмаймын. Дүкенші жігіт өзіміз сияқты қарапайым азамат. Мен де қарапайым әншімін, шын мәнінде біз де ешкім емеспіз. Болмайтын нәрсе үшін сөзге келіп қалдық", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде әнші Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосы тарады. Ол жерде әнші боғауыз сөздер қолданады. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30