Өркениет

Біз қалай өмір сүреміз? Баян Алагөзова мәдениет министрлігіне реніші туралы айтты

  • Біз қалай өмір сүреміз? Баян Алагөзова мәдениет министрлігіне реніші туралы айтты

    Біз қалай өмір сүреміз? Баян Алагөзова мәдениет министрлігіне реніші туралы айтты

Продюсер Баян Алагөзова "Время" газетіне берген сұхбатында карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, мәдениет министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біз мәдениет министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз", - деді Алагөзова.
Продюсер оның қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреулері такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

"Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген "KeshYOU" тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір -  тып-тыныштық. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді", - дейді Баян.
"Оның мақсаты - ақша табу не билікке бару": Нұрболхан әйелдердің мәселесін көтерген Алагөзоваға қарсы шықты
Баян Алагөзова: Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді, мен еркекпен бірдей тұлғамын
Жан Ахмадиев Баян Алагөзова жайлы: Темір қатын күйеуін түрмеге жауып, біреудің байын тартып алғанға мәз

Ол зардап шеккен әйелдерге көмек қорын құрумен айналысу үшін дайын емес екенін айтты. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған фильмді түсіруді өзінің міндеті деп санайды.

"Қорды басқару үшін ең алдымен физикалық күш-қуат, сосын ресурстар мен өте көп уақыт керек. Мен өз қорымды құру туралы мәлімдегенде, ол өте әлсіз еді, бірақ сәл тырыссам, күш жинасам, бәрі жақсы болатын сияқты көріндң. Бірақ әзірге олай емес.

Егер адамдар менің денсаулығымды инстаграм мен теледидар арқылы бағалайтын болса, мен оларға бұл шынайы өмір емес екенін айтқым келеді, онда сіз оның жақсы, шуақты жағын ғана көрсетесіз және барлық мәселені үйде жабық есіктердің артында, жастығыңызда қалдырасыз. Сондықтан қорды құру идеясы күшінде қалады, оны әзірлеймін және ерте ме, кеш пе іске асырамын. Бірақ алдымен аяғыма мықтап тұруым керек.. Менің ойымша, Құдай мені адамдардың назарын осы қорқынышты мәселеге аудару үшін жерде қалдырды. Бұл менің миссиям деп ойлаймын, мен міндетті түрде кинотеатрларда көрсетпейтін фильмге ақша жинауым керек, бірақ біз оны басты халықаралық фестивальдарда таныстырамыз және бұл мәселе туралы бүкіл әлем біледі", - деді Алагөзова. Еске салайық, Баян Алагөзова алғаш рет тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильм түсірмек. Алайда ол үшін жүз миллион теңге қажет екен. Бұл қаржыны қалтасы көтермейтін продюсер халықтан ақша жинай бастады.




Көрілген: 3232    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 19:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31