Өркениет

Біз неге мезгілінен бұрын қартайдық?

  • Біз неге мезгілінен бұрын қартайдық?

    Біз неге мезгілінен бұрын қартайдық?

ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЗАҚҚА ТАНЫСТЫРУ
НЕМЕСЕ БІЗ НЕГЕ МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН ҚАРТАЙДЫҚ?
Мойындауға тура келеді. Біз қартайдық. Өйткені қайғы ойлай бастадық. Күлкі азайды. Ол тіпті де болмай жатып ортайу емес. Осы сөздерді қарудың дүбімен емес, сананың тілімен жазып отырмыз. Шоршып түспеңіз. Шошып та кетпеңіз. Сұрақ мынау: Біз өркениетте адасып кетпейміз бе?
Маңымдағы орыс тілді қазақ әріптестерден сұраймын ғой. «Сендерде неге ұлттық мұраға деген сүйіспеншілік жоқ? Қазақ тілін білмей қалу қабырғаларыңды қайыстырмай ма?», - деп. Жауаптары көңілден шығады. «Біз қашанғы қос тігіп, қымыз ішіп жата береміз. Шығайық та өркениетке». А, иә ол біздің еркін аударма. Дәлме-дәл тәржімесі мынау: «Бүкіл әлем өзгеріп жатыр ғой. Ұлтқа бөлінуді қоятын кез келді. Таңдау еркі өзімізде. Баяғы ән мен күй сол ескі заманда қалып қойған. Өзгеше ойлауымыз керек, енді. Жаңаша! Түсінесіз бе? Сіз айтқан Тәттімбет пен Қазанғапсыз да биікке самғауға болады. Үкілі Ыбырай дедіңіз бе, онымен алысқа ұзай алмайсыз. Көштен қалмау керек». Қартайғанымды ұқтырды. Бастарын шайқап күлді. Біз күле алмадық. Шынында да иен далада, әлгі қоста отырып қалыппыз. Күбіден қашан қымыз құйылады деп бекер тосамыз. Кола! Міне, сусынның төресі. Соған неге миым жетпейді?
Қазақ тілді қазақ әріптестеріме орыс тілді қазақ әріптестерімнің айтқанын жеткіздім. Бәрі де ашуланды. Анау достарды жерден алып, жерге салды. Сосын сұрақ қойдық. «Өздерің Қазанғапты соңғы рет қашан тыңдадыңдар? Тәттімбеттің неше күйін атай аласыңдар? Дәнеш Рақышевті білесіңдер ме? Мәдениет Ешекеевті ше?». Бастарын қасып отырып қалды. Өжеттеуі ғана үн қатып, «Ой, аға шынында да сіз қара қоста қалып қойыпсыз,ә. Тым болмаса «Мұзартқа» дейін жақындасаңышы. Оның бергі жағында Қайрат Нұртас бар. Сіз атаған авторларды туыстарынан басқа ешкім білмейді».
Көз алдым тұманданып кетті. Шынында да мүлдем қартайып кетіппіз ау... Достарымның арасында қарттар бар ма? Біздің түсінікте әрі ұғымда сіздер де ерекше жас көрінесіздер... Оны жақында зерттеп көреміз біз...

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2737    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31