Өркениет

"Бізді бай-қуатты екен деп ойлайды": Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесі жайлы сыр шертті

  • "Бізді бай-қуатты екен деп ойлайды": Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесі жайлы сыр шертті

Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу иегері қоғам қайраткері Мұстафа Өзтүрік жайлы оның қызы Неслихан Өзтүрік сөз қозғады. "Түркістан" газетіне берген сұхбатында ол әкесінің тәрбиесі, оның Қазақстанға деген ықыласы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алпыс жылдық мерейтойға дейін елге әкем қайтыс болғанда бі­рін­ші рет келген едім. Ол кезде жа­сым он екіде болса да есімде көп нәр­се қал­мапты. Ал екінші рет кел­ген­де ал­ған әсерімді сөзбен сипаттап жет­­кізе алмаймын. Құдды бір түс көріп жатқандай күй кештім. Себебі бұл са­парға дейін әкемнің Қазақ­стан­да осын­шалықты беделге ие еке­нін біл­меппін. Шыны керек, бізді ыс­тық ықы­ласпен қарсы алған ха­лықтың әкем­ді сондай қадірлейтінін, кө­бі­сі­нің әкемді жақсы танитынын кө­ріп қат­ты қуандым. Тіпті, көзіме жас ке­ліп, жылап та алдым", - дейді Неслихан Өзтүрік.

Айтуынша, Мұстафа Өзтүрік жүрген жерінде аузынан Қазақстанды тастаған көрінеді.

"Негізі, әкем көп уақы­тын Қазақстанда өткізді ғой. Тіпті Мюн­хенге арнайы келген кезде де "Қазақстан – біздің атажұртымыз. Біз осы жерден тараймыз. Қазақ­стан­ға барып тұруымыз керек. Қайдан кел­гендеріңді ұмытпаңдар" дегені есім­де қалыпты. Ол Қазақстанды өте қат­ты жақсы көрді. Қазақ екенін мақ­тан тұтатын. Елге келіп таэк­вон­доны дамыту үшін барын салғанын елде жүрген сіз менен жақсы білерсіз. Әлі есімде, бізді мектепке апарып, сабақ біткен соң үйге алып қайтатын. Сосын ойын алаңқайына апарып ой­нататын. Сол кезде көпшілік оның қа­сына жақындап, амандасып, әң­гі­мелесуге асығатын. Тіпті, үйге ар­найы іздеп келіп, оған ризашы­лы­ғын біл­діріп жататын адамдардың қара­сы көп болды. Бала кезімде көпшіліктің неліктен әкемді сонша жақ­сы көретінін түсінбейтінмін. Қа­зақстанға қандай еңбегі сіңді деп ой­лайтынмын. Бірақ жоғарыда ай­тып өткенімдей, Алматыға әкемнің туға­нына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға шақ­ыртылғанымда ол кісінің тек біз үшін емес, қазақ халқы үшін ерекше тұл­ға болғанын жете түсіндім", - деп қосты ол.

Сөзінше, ол әкесіне арнап өлең де шығарған. 

"Негізі, бұл әнді шығарғаныма көп уақыт болған, бірақ орындай ал­май жүрдім. Өйткені бұл туын­ды­ны естіген сайын жылай беретінмін. Жалпы, бұл әнді жазып шығуыма әке­ме деген сағыныш түрткі болды. Үне­мі қорғап, қолдап, желеп, жебеп жүр­ген әкемнің бізді жалғыз тастап кет­кеніне көпке дейін сене алмай жүр­дім. Есейіп кетсем де, өлең жол­дарын­­да айтылғандай, "қайтадан кіш­кентай қызың болғым келеді, әке" деп сағынышымды жеткізгім кел­ді", - деді спортшының қызы.

Неслихан Өзтүрік әкесінің қатал болғанын да жасырмады. 

"Әкем көпшілік арасында қалай сұсты көрінсе, отбасында да солай қа­тал болды. Ол кісі дастарқан ба­сын­­да отбасымызбен бірге тамақ іш­кенімізді қатты қадағалайтын. Бір кү­ні ағам далада балалармен ойна­ғысы келіп, тамақты сосын ішетінін айт­қаны сол еді, әкем "Жоқ, ешқайда бар­майсың. Бізбен бірге тамақ­та­на­сың. Отбасы болып, бірге тамақтану, бір­ге осылай отыру – бәрінен маңыз­ды. Адамдардың көбі қазір ішуге та­мақ таба алмай жүр, ал сен сол та­мақ­ты ысырып қойып, далаға шық­пақ­сың. Барды қанағат ет. Бізбен бір­ге отыр да, алдыңда ыстық тамақ тұр­ғанына риза болып, бізбен бірге дұ­ға жаса!" деп айтқаны есімде. Жал­пы, әкелік қамқорлығын аямай, беті­міз­ді қақпай өсірді. Мені "Қара қы­зым, Дудуш, айналайын!" деп атай­тын. Кей кезде әкемнің осылай ай­та­тын сөздерін сағынамын", - дейді Неслихан Өзтүрік.

Бұған қоса, ол халық арасында таралған жаңсақ пікірге тоқталды. 

"Осы ретте бір айта кетерлік жайт, Мұстафа Өз­түріктің қызы екенімді естіп-біл­ген жұрт мені беделді, ауқатты жан деп ойлайды екен. Мюнхендегі бір досымның әйелі Қазақстанда туып-өскен. Менің сол досыммен түскен суретімді көрген ол "Мына кісі  Мұс­тафа Өзтүріктің қызы ғой. Бұл қыз қарапайым ба, әлде бай, атақты адам ба?" деп сұрапты. Осыны естігенде қат­ты таңғалдым. Қазақстандағы көп­шілік біз туралы осындай ойда бол­са керек. Бар айтарым, біз қара­пайым отбасында тәрбиеленіп өстік, қазір де ел қатарлы қарапайым өмір сүреміз. Бір жағынан, Мұстафа Өз­түріктің қызы болу зор жауапкер­ші­лікті жүктейтінін түсіндім", - деді ол.




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31