Өркениет

"Бізде тормоз жоқ қой": Айқын Төлепбергеннің тағы да үйленетіні рас па?

  • "Бізде тормоз жоқ қой": Айқын Төлепбергеннің тағы да үйленетіні рас па?

Айқын Төлепбергеннің тағы үйленетіні рас па? Неке жүзігін тақпайтын Айқын мұның себебін түсіндірді. Бізде тормоз жоқ деп ақталған әнші неке жүзігі еш мәселені шешпейді дейді.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды. 

 
Айқын екі рет некелі болса да неке жүзігін тақпайды. Неке жүзігі еш мәселені шешпейді дейді ол. 

"Неке жүзігі басым бос емес деген мағынаны білдіреді ғой. Ол жүзікке байланысты емес. Тежеуіш баста болу керек, жүзікте емес. Мен де тежеуіш жоқ", - деп әзілдеді әнші. 

Бұған дейін бірінші жарының неке жүзігін тастамайтынын айтып, көрерменін бір күлдірді. Бірінші әйелі туралы айтқан Айқын екінші әйелі Жұлдыздың шамына тиіп қалды. 

Тоқтауы жоқ Төлепбергеннің тағы да үйленетін ойы бар ма деген ойға қалдық. 


"Әйелдер туралы сен айтпай-ақ қойшы": Тимур Балымбетов пен Айқын желіде ерегесіп қалды

«Арманым &ndash балалар бір-бірімен араласса деймін»: Айқын Төлепберген екі әйелінен туған балаларының басын қосқысы келіп жүр

"Неке жүзігі қалып қалды. Басында үйленгенде некемізді жасырып, құпия ұстап жүргенде неке жүзігін тақпай жүрдім. Сондықтан сол әдет сақалыпты",- деп ақталды Айқын мырза. 

Ал Бүркіт саусағы үлкен болғандықтан неке жүзігі маған жараспайды дейді. Сәкен Майғазиев неке жүзігін тағуға арланбайтынын, уақыты келсе тағатынын айтты. 

Мүсіні келіскен Тәуекел Мүсілім үйленгеніне көп уақыт өтпесе де неке жүзігін тастамайды. 

"Неке жүзігін көрсем, үйленгенім есіме түседі. Жолдастарым мазақтап жатады. Бірақ неке жүзігі мазақ ететін нәрсе емес деп ойлаймын", - деді Тәуекел.

Бағлан Әбдірайымов некенің беріктігі жүзікте емес, адамның өзіне байланысты деп кесіп айтты. 

"Жүзікте тұрған ешнәрсе жоқ. Оны міндетті түрде тағу керек деп ойламаймын. Жақында әйеліммен үйленгенімізге 10 жыл болады. Мүмкін сол кезде тағатын шығармын", - деді Бағлан. 




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31