Өркениет

"Біздің киім - тәнімізге шақырту емес!". Шымкент әкімдігі қысқа белдемше киген қыз жайлы видеоға 3 миллион теңге жұмсаған

  • "Біздің киім - тәнімізге шақырту емес!". Шымкент әкімдігі қысқа белдемше киген қыз жайлы видеоға 3 миллион теңге жұмсаған

Қазақстандықтар қысқа белдемге киген қыз жайлы түсірілген видеороликті қызу талқылап жатыр. Титрлардан, бұл видео Шымкент жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша түсірілгені жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео мазмұны бойынша таксист қызды киіміне қарап жөзекше екен деп қалады, содан соң, қазаққа тән киініп жүру керектігін айтады.

 

Белсенді Фариза Оспан видео виктимблеймингті (зорлық құрбанын айыптау) одан ары өршітетінін айтады.

"Сіздер қыздарға не киіп, не кимеу керектігін нұсқауға құқықтарыңыз жоқ. Біздің киім - тәнімізге шақырту емес! Одан да зорлықшылармен айналысып, полцияның жұмыс істеуін қадағалаңыздар!", - деп пікірін білдірді ол Instagram-да.

"Видео зорлық құрмандарын кіналайды, "дұрыс киінбеген" қыздар мен әйелдердің стигматизациясын насихаттайды", - дейді тағы бір желі қолданушысы.

Жастар ресурстық орталығында роликтің негізгі идеяларымен және көзқарастарымен келіспейтінін мәлімдеді.

"Talas киноорталығымен қысқа ғибратты бейнероликтерін жасау туралы келісім жасалғаны рас,  алайда "Жезөкше" деген атаумен бейнероликтерін түсіру туралы келісім болған жоқ. Орталық тарапынан роликтің сценарийі бекітілмеген. Бұл роликке қаржыландыру қарастырылмайды. Егер орталық тарапынан қандай да бір қателіктер болса, кешірім өтінеміз", - делінген орталық Sputnik Қазақстан-ға берген пікірінде. 

Talas киноорталығының YouTube-арнасында видео 429 мыңнан астам рет қаралған, 25 мың лайк пен 500-ден астам дизлайк жинаған. Бейне астында авторлардың идеясы ұнаған Қазақстандықтардың пікірлері аз емес.

"Қандай тамаша кино"," қыздар бұл видеоны көруі тиіс", "мұндай роликтерді теледидардан көрсету керек" деп жазды желі қолданушылары.

Factchek.kz порталының мәліметінше, видеоны түсіруге шамамен 3 миллион теңге жұмсалған.

Бұл бейнероликтің нақты бағасын көрсету қиын, себебі тендер шарттары бойынша өнім беруші 5 ролик түсіруі керек. Әрине, 6,2 млн роликтерді бөлуге болады, бірақ бұл дәл цифрды көрсетпейді. Бастапқыда тендерге 8 млн теңге бөлінді. Тапсырысты орындаушы - "Таласов Серік Төребекұлы" өз қызметтері үшін 6,2 млн теңге ұсынды, осылайша тендерді ең аз бағамен ұтқан.

Шарт жыл соңына дейін жалғасады, өнім беруші қызметті осы жылдың 31 қазанына дейін орындауы тиіс. Қазіргі уақытта шарт 6,2 млн теңгеден 3 млн теңгеге орындалған.

Бұған дейін жас ғалымдар Альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова ЕҰУ оқытушысы Ерлан Сүлейменмен жазбасын жариялаған.

"Ол ер адам сексист, ұлтшыл және араздықты қоздыратын (атап айтқанда, "әйелдерді ұрып-соғуға болады және қажет"деген) пікір білдірді", - дейді ол.

ЖОО-ның Әдеп жөніндегі комиссиясы Сүлейменнің іс-әрекетін "жалпыадамзаттық мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді"деп таныды. Университет ректоры қызметкермен еңбек қарым-қатынасын бұзуды шешім қабылдады.

2020 жылдың наурыз айында абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дәрісінде оқушыларды оқуға емес, тууға бала шақырған болатын.

Ал 2019 жылы  Депутат Қарақат Әбденнің "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет" кітабына қатысты әлеуметтік желілерде қазақстандықтар қазіргі заманғы қыз қандай адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс деген пікір айтты.

 

 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31