Өркениет

"Біздің үйде бір ғана көлік бар": Медицина сақтандыру қорының басшысы даулы жазбаға қатысты жауап берді

  • "Біздің үйде бір ғана көлік бар": Медицина сақтандыру қорының басшысы даулы жазбаға қатысты жауап берді

Медицина сақтандыру қорының басшысы әйелінің желідегі шулы жазбасына қатысты пікір білдірді. Жұмағұлов мұның осыдан 13 жыл бұрын, 2007 жылы болғанын, ол кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dalanews басылымына сілтеп хабарлайды.

Ал жазба осыдан 4 жыл бұрын жарияланған екен.

“Індет кезінде халықтың той-томалақ пен сый-сияпатты ойлайтын мұршасы жоқ. Соған қарамай кейбіреулер әлеуметтік желіде осыдан 4 жыл бұрын жарияланған жазбаны тауып алып, жұрттан сүйінші сұрапты. Бұл тырнақ астынан кір іздеу. Иә, халықтың наразылығын түсінемін, мұндай дүние менің де ашу-ызама тиер еді. Әйткенмен бұл өте ұят әрекет. Біздің отбасыда тек бір көлік бар”, - деп берді жауабын Жұмағұлов.

Оның айтуынша әйеліне бір сәтте бірнеше көлік әпермеген, оларды уақыт өте ауыстырып отырған.

“Отасқанымызға 25 жыл толды. Көлік ауыстыру да заңдылық қой” дейді Жұмағұлов. Сондай-ақ сақтандыру қорының басшысы халықтан қашпайтынын, диалог орнатуға әзір екенін айтады.

Айта кетейік, күні кеше Instagram-да журналист және тележүргізуші Гүлбаршын Заирова өзінің күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанғаны жайлы жазған едік.  




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30